Кеудемді үлкейткім келеді: Дильназ Ахмадиева пластикалық операция жасатпақшы

08 сәуір 2018, 18:53

Танымал қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева төсін өсіру туралы сөз қозғады. Әңгімесін «кеуде жасаттым» деп бастаған ол пластикалық операцияға деген жұрттың ойын білгісі келетінін айтты.

«Жуырда 4-өлшемді силиконды кеуде жасаттым. Қалжың, әрине. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мен табиғи сұлулықтың жақтаушысымын. Дәрігерге барған күннің өзінде түр-әлпетімде ештеңе өзгермейді – тек маска, пилингтер жасатамын. Бірақ мұның бәрі тек мен жас, сұлу әрі қарапайым кезде. Шынымды айтсам, омырауды үлкейту туралы бұрыннан ойлап жүрмін. Сіздер не ойлайсыздар, айтыңыздаршы? Қолдайсыздар ма әлде қарсысыздар ма? Пікірлеріңізді білгім келеді», – деп жазды Ахмадиева.

Көпшілік оның сұрағына «Жоқ. Табиғи сұлулықтан артығын таппайсыз» деп жауап берді.