Өркениет

"Кей адам өтірік санап, нанбады": Бейбіт Қорған басынан өткен жағдайды баяндады

  • "Кей адам өтірік санап, нанбады": Бейбіт Қорған басынан өткен жағдайды баяндады

  • "Кей адам өтірік санап, нанбады": Бейбіт Қорған басынан өткен жағдайды баяндады

Танымал әнші ыстығы 39°С болып ауырып тұрса да, сахнаға шыққан.
Қазақстандық әнші Бейбіт Қорған сырқаттанып тұрып саханаға шыққан сәтін еске алды. Оның айтуынша, сол сәтте көпшілік оның ауырып тұрғанына сенбей, өтірік істеді деп ойлаған.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

"Домбырамен ән айтқан жараса ма? Температура 39°С болып ауырып тұрсам да, сахнада көрсетпеуге тырысқанымды кейбір адам өтірікке санап, нанбады! Бірақ Алланың алдында өтірікші емес екенімді біліп жүрсем жетер! Ең бастысы орындап шықтым!", - деп жазды Бейбіт Қорған.
Әнші жариялаған видеодан әңгіменің отандық телеарналардың бірінде көрсетілген "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасы туралы екенін байқауға болады. Әнші ол жерде домбыра алып, "Дүние-ай" әнін орындаған. Бағдарлама бір жыл бұрын көрсетілді.

"Ел алдында уәде бергендіктен қатыстым. Ең бастысы уәдемде тұрдым. Қалғанын уақыт көрсетер. Амандықта жолығайық, достар!", - деп жазды әнші.


Ән орындап болған соң Бейбіт Қорған сахнада өзінің сырқаттанып тұрғанын айтады.

Ал қазылар алқасы құрамында отырған Тоқтар Серіков Бейбіт Қорғанның халық әнін таңдағанына қуанып отырғанын айтып, оны "Бейбіттің жаңалығы" деп атаған.

"Сахнада ойнап, билеп жүретін Бейбітті көріп үйренген қазақтар оны домбырамен көргенде таңғалатын шығар деп ойлаймын. Тыңдап, риза болып отырмын. Халық әнінде мін жоқ, оған мін айтуға біздің шамамыз жетпейді", - деді Серіков.

Айта кетейік, Бейбіт Қорған 1981 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында туған. "Шоқ қыздар", "Сен", "Тыңдашы жаным", "Қасымда бол", "Толғанай" секілді көпшілікке таныс әндерді орындайды.

sputnik.kz




Көрілген: 2224    Пікірлер: 0

сенбі, 17.04.2021, 00:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31