Өркениет

Кезінде танымал болған отандық топтың әншісі досының ғашығына үйленген

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы кезекті санын 2000-шы жылдардың басында танымал болған "Жігер" тобына арнады. Бағдарлама барысында ғашық жандардың әнұранына айналған хит әндердің авторы әрі топ мүшесі Қанат Елікбаев туындыны өмірге қалай әкелгенін айты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Осыдан біраз жыл бұрын хитке айналған туындылардың авторы Қанат Елікбаев танымал әннің шығу тарихын айтып берді.

Айтуынша, өнер иесі досы ұнатып жүрген қызға ғашық болып, лекция үстінде аруға "Бақытымсың" өлеңін арнаған. Алғашында сабақ үстінде әннің сөзін жазып, кейін гитарамен сүйемелдепті.

"Мадияр деген досым келіп: "Қанат мен осындай бір қызды ұнатып қалдым. Таныса алмай жүрмін. Ол қыз орысша сөйлейді ғой деймін. Сен бірінші танысшы. Қазақша дұрыс сөйлеп тұрса, мені таныстыршы" деді.

Мен керемет орысша біліп тұрғандай. Қызды көрсетіп еді, өзім ұнатып қалдым. Қасына барып сөйлесейін десем, өзіңе ұнаған қыздармен сөйлесе алмай қалады екенсің.

Кейіннен оны ұмытып, үйге қарай бара жатсам, мен баратын жаққа ол да барады екен. Автобуста күнде көрем. Сосын не де болса танысайын дедім. Сөйтіп ұнатып қалдым.
Бір күні досым сол қызды сұрады, мен: "Ой орысша сөйлеп қалған екен", - дедім. Шын мәнінде өзім ғашықпын. Қазақ әдебиетінен лекцияда отырып сөзін жазып, үйге барып, гитарамен әнін шығара салдым" , - дейді әнші.
Әншінің айтуынша, ол өзі ғашық болған аруды жар етіп алып, бүгінде бір отбасы болып отыр екен.


 

 




Көрілген: 3452    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31