Өркениет

Кинотеатр қожайындары карантин салдарынан 150 миллиард теңгеден астам табыстан қағылған

  • Кинотеатр қожайындары карантин салдарынан 150 миллиард теңгеден астам табыстан қағылған

    Кинотеатр қожайындары карантин салдарынан 150 миллиард теңгеден астам табыстан қағылған

Еліміздегі кинотеатрлар пандемия салдарынан 150 млрд теңге жоғалтты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Саланың болашағы бұлыңғыр. Бұл туралы кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина хабарлады.

Мамандардың үміті үзілуге шақ. Тіпті кинотеатрлар ашылған күннің өзінде кино көруге келетін адамдар азайып кете ме деп қорқады. Еліміздегі әрбір бесінші кинотеатр жабылуы мүмкін. Карантиндік шектеулердің жеңілдеуі бұл салаға қатысты болмай тұр. Кәсіпкерлер тығырыққа тірелген.

Қазірдің өзінде орташа шығын 150 млрд теңгеге жуықтады.

Кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Тәуекелге толы бизнеске келуге ниетті кәсіпкерлердің беті қайтқалы қашан. Карантинге дейін елде 92 кинотеатр, 350 кинозал жұмыс істеді. Оның онға жуығы жабылып үлгерді. Қауымдастық президенті жағдай оңалмаса, жабылған мәдени ошақтардың саны еселеп артатынын айтады. Кәсіпкерлер ең болмағанда ашылуға болатын болжалды уақытты көрсетсе дейді. Бірақ әзірге жауап жоқ. Оның үстіне кинотеатр кірісінің басым бөлігін попкорн сатылымы құрайтын. Карантиндік талаптардың бірі &ndash залға азық алып кіруге тыйым салу. Бұл да саланың қадамын бөгейтін түрі бар. Жалпы, індетке дейін елдегі кинотеатрларда 6000 адам жұмыс істеді. Олардың көбі жаңа жұмыс іздеп кеткен.

"Біз барлық құзырлы органға хат жолдап, мәселені көтердік. Бірақ еш нәтиже жоқ. Онсыз да шығыны көп сала еді. Қазіргі жағдайымыз тым мүшкіл. Бізді естір жан бар ма? Театрлар ашылып жатыр ғой. Індет жұқтыру қаупі бар дейді. Бірақ ұшақпен емін-еркін ұшып жатқандарды қайтеміз?! Алгоритмге сай кинозалды 30 процентке ғана толтыру керек екен. Мысалы, 600 орындық кинозалға 50 адам жинап алу қисынсыз. Одан кейін кино &ndash тез бұзылатын тауар. Жаңа туындыларды экранға шығарып, прокатқа ұсынуымыз қажет. Уақыт ағынынан қалып жатқанымыз қынжылтады. Қазанда жаңа фильмдер аз түседі. Соған қарамастан, кез келген шартты қабылдап, жұмысты жандандырғымыз келеді", - дейді Қазақстан кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина. 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31