Өркениет

Кинотеатрлар жақын арада ашыла ма? - ДСМ жауабы

  • Кинотеатрлар жақын арада ашыла ма? - ДСМ жауабы

    Кинотеатрлар жақын арада ашыла ма? - ДСМ жауабы

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің мәліметінше, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті ұсыныстар енгізіледі.

"Бірінші кезеңде кинотеатрдағы орындардың 30 процентін ғана толтыруға рұқсат беруді ұсынамыз. Осы мәселе талқыланып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылуы мүмкін", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 5 қазаннан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шаралар енгізіледі. Олар:

басқа елдермен әуе рейстерін қалпына келтіруді тоқтату;
бұған дейін ашылған әуе рейстерінің санын көбейтпеу;
Түркияға рейстерді қысқарту.
Бұдан бөлек, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар:

Дене қызуын өлшеу;
Сауалнама;
Коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (мерзімі &ndash 3 тәулік).
Анықтама болмаған жағдайда азаматтар екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады. COVID-19 тесті вирусты жұқтырғанын көрсетсе, инфекциялық стационарға жатқызылады. Ал инфекция табылмаса, үйіне қайтады.

Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 21:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31