Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қиянат жасалды": Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты

14 желтоқсан 2021, 17:06

Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды", - деп мәлімдеді Мөлдір Instagram-да оқырманына берген жауабында. 

Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына разы екенін жеткізді. 

"Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!" - деп жазды ол.

Бұдан өзге, Мөлдір бала тәрбиесіне қатысты кеңес берді. 
"Сүннет бойынша тәрбиелесеңіз, қателеспейсіз. Жалпы қалай өмір сүру керектігін сүннет жолынан таба аласыз", - деді ол. 

Әнші тағдырдың талай соқпағына ұшыраса да, сынып кетпеудің жолын біледі. Өзгелермен де бөлісті: 

"Просто кірмеу керек! Бәрі Алланың қалауымен болып жатқанын мойындап, сынақ деп қабылдау керек. Аллаға тапсырып, сабыр етіп, тірі жан болған соң, тіршілік жасау керек!".

Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Өткен айда әнші күйеуімен ажырасқанын хабарлады.