Өркениет

"Кім айтты орыс деп?": Жандос Айбасов өзге ұлттың қызына үйленді дегендерге жауап берді

  • "Кім айтты орыс деп?": Жандос Айбасов өзге ұлттың қызына үйленді дегендерге жауап берді

Жақында ғана шаңырақ көтерген актер Жандос Айбасов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz.
Бірнеше апта бұрын актердың келіншегі парақшасына неке куәлігімен түскен суреттерін жүктеп, көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Алайда, Марина есімді қалыңдық қазнетте қызу талқыға түсті. Басты себеп – актердің өмірлік серігін өзге ұлттың өкілін таңдауы.

Алайда, актердің өзі болашақ жарының ұлты қазақ екенін айтты.

"Сіздерге кім айтты орыс деп? Бірақ ол қазақ қой. Руын білмеймін. Енді айттым ғой бұл менің жеке өмірім, бұндай сұрақтарды қоя бермеңіздерші. Өйткені былай қарасаңыздар менің жұмысымда болып жатқан жаңалықтар өте көп. Каскадер ретінде жұмыс істеп жатырмыз, кино түсіріп жатырмыз", – дейді Жандос Айбасов.

Актер жеке өмірі жайлы жан баласына жақ ашпауға бекінген.

"Шешемді , жанұямды, жанымда жүрген жұбайымды осындай сұхбаттарға айтқым келмейді. Өйткені бұл менің жеке өмірім. «Қашан той болады?» – деген секілді сұрақтарға жауап бергім келмейді", – дейді ол.

Сонымен қатар, Жандостың шығармашылықтағы жаңалықтары да жетерлік. Айбасов әріптес-достарымен бірге бюжеті 50 млн теңге құрайтын фильмді таспалаған. Қалың көпшілікке актер ретінде танылған өнер иесі енді кинопродюсерлікке бет бұрған.

"Өйткені продюсер ретінде өзімнің жұмысым көп болды. Егер мен актер ретінде ойнайтын болсам менің фильмге тигізер септігім аз болатын еді", – деді Жандос Айбасов.

Бұған дейін Жандос Айбасов шаңырағына келін түсіргені туралы айтылды. 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сенбі, 07.03.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30