Өркениет

Қоғам белсенділері Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім-тренд» бағдарламасын жабуды талап етуде

  • Фото: kaz.365info.kz

    Фото: kaz.365info.kz

Журналист әрі қоғам белсендісі Тоқтар Жақаштың «айтыскер ақын, «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабек өзінің  діни арнасы аз болғандай ұлттық арна эфирінен уақыт алып, уағыз жүргізгелі жатыр» дегені  ақыры рас болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Бүгін әлемжелі бетін Мұхамеджан Тазабек Ұлттық арнадан «Тәлім-тренд» атты бағдарлама ашқаны туралы жаңалық басып қалды. Онсыз да эфирден түспейтін біраз адамның басын қосып алғашқы түсірілімін жасап та үлгерген сыңайлы.

 

Расын айту керек, аты шулы Мұхамеджан мырзаның еліміздің басты арнасына арнайы уақыт алып уағыз жүргізуіне қарсылық білдіріп жатқандар көп.

 

Олардың жазуынша, елдің басты ақпарат арнасына сәләфиттердің уағыз айтуы ұлтымыз үшін өте үлкен қауіп.

 

«Мен өз басым балаларымның өміріне қарғыс айтқыш сәләфиттердің қол сұғып, ақыл айтуына үзілді-кесілді қарсымын! Бұл енді тым перебор! «Еститін үкімет» көрерменнің талабын естиді деп ойлаймын! Сектанттар идеология саласынан аулақ жүрсін!», - деп журналист Тоқтар Жақаш о бастан-ақ қарсылығын білдірген болатын.

 

Бүгін қоғам белсендісі Дина Елгезек те үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріпті. «Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! &ldquoАсыл арнадан&rdquo ертелі кеш Бекболат екеуінің &ldquoлұғатын&rdquo тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз!

 

Тоқаев пен Балаева аман болса, Қазақстанда салафизм өлмейді, дами түседі! Урррраааа!

Берік Уәли, сәлем айтшы Президентіңе», - деп ол өзінің facebook парақшасына пікір ілген.

 

Оқи отырыңыз: «Өзінің діни арнасы аздық еткен бе?»: журналист Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуын тоқтатуды сұрады

 

Белгілі заңгер Абзал Құспан да өзінің қарсы екенін жазыпты. «Ақша, ақша және ақша! Саудияның ваххабизацияға (африканизация) бағытталған арам ақшасы өз дегенін істеуде!» деп ойын білдірген.

 

Сол секілді бұл жаңалық facebook қолданушысы Әлімжан Әшімұлының да шымбайына батқанға ұқсайды. «Бұлардың мемлекеттік арнада уағыз айта бастауы, билікке бір табан жақындағаны. Бұлар ұлтты өсіру емес, құлдырауға алып келеді», - деп бірден кесіп айтқан.

 

 

 




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30