Өркениет

Көл жағасында құшақтасқан Кәмшат пен Дастан қызу талқыға түсті (видео)

  • https://www.instagram.com/

    https://www.instagram.com/

Қазақстандық шоу-бизнесте әншілік пен актерлік өнерін қатар алып жүрген жұлдыздардың бірі Кәмшат Жолдыбаева мен Дастан Оразбеков ел арасында қызу талқы тудырды. Қос әртіске деген көпшіліктің асқан қызығушылығына желіде тарап кеткен видео себеп болған. Онда өнер иелерінің қол ұстаса жүгіріп, көл жағасында құшақтасқан сәті көрініс тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Кәмшат Жолдыбаева мен Дастан Оразбеков бой көрсеткен видеоны экс-кешьюлік арудың өзі Instagram парақшасында жариялап қойған. Бейнежазбадан қос әртістің көл жағасында жүргенін көруге болады. Бір мезетте олар қол ұстасып жүгіріп, кейін Оразбеков әнші бикешті көтеріп алып айналдырады.

 

Желі қолданушылары бірден видеоны қызу талқыға салып, өнер иелеріне қатысты пікірлерін қарша жаудырды. Олардың басым бөлігі Жолдыбаеваға шынайы махаббат тілеп жатты.

Кейбір оқырмандар видеодан Дастан Оразбековты танымай қалып, оны әнші арудың сүйіктісі екен деп қалған. Оған қоса, пікір білдірушілер арасында Кәмшатты сынға алғандар да болды. Олар эстрада жұлдызын отбасылы азаматпен құшақтасқаны үшін сөгіп тастады.

 

"Бақытты бол, Кәмшат" , "Жігітің кім? Танымадым" , "Шынымен сүйіктіңіз ба? Бақытты болыңызшы" , "Бұл Дастан Оразбеков қой. Оның отбасы бар емес пе" , "Кезекті киноның түсірілімі сияқты ғой. Шынайы өмірде де осындай бақытқа кенелуіңізді нәсіп етсін" , "Жақсы азамат кездессін сізге де" , - деп жазуда көпшілік.

 

Алайда, Жолдыбаева халық қате түсініп қалмас үшін бейнежазбаның астына арнайы жазба қалдырған. Онда шоу-бизнес сылқымы аталмыш видео телехикая түсірілімі кезінде таспаланғанын жеткізген.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CFHr6LphqWc/




Көрілген: 2388    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 13:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30