Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қонаев туралы кiтаптың салмағы – 8,5 келi

14 сәуір 2011, 16:42

Қазақстанды ұзақ жылдар басқарған көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмiрi мен қызметiнiң елеулi сәттерiн бейнелеген үлкен фотоальбом кiтап жарық көрдi.
Әзiрге 300 ғана данамен шыққан, қайраткер тұлғаға арналған бұл басылымның мұқабасы терiмен қапталған, салмағы – 8,5 келi. Суреттi кiтаптың көлемi А3 форматында (297х420) жасалған. Жинақта тұлғаның жастық шағы мен өнеркәсiп мекемелерiнде жұмыс iстеген кездерi және Үкiмет басында қызмет атқарған кездерi мен шетел басшыларымен, достарымен, көрнектi кайраткерлермен кездескен сәттерi, бос уақытында шұғылданған iстерiн бейнелейтiн суреттер топтастырылған.
 Эксклюзивтi сыйлық кiтабы ретiнде шығарылған бұл фотоальбомды құрастырып, баспаға әзiрлегендер – В.Гаджиев, М.Мусин деген азаматтар. Жинақтың әдеби мәтiнi, негiзiнен, Димаш Ахметұлының 1992 жылы жарық көрген «Менiң уақытым туралы» атты кiтабынан алынған үзiндiлер. Осынау ерекше кiтап Д.Қонаевтың алдағы 2012 жылы аталып өтетiн 100 жылдық мерейтойына арналып шығарылған.