Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Конфуций институты ашылды

08 маусым 2011, 17:29

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде Конфуций институты ашылды. Бұл – ҚазҰУ мен Қытайдың Ланьжоу университетi арасындағы көпжылғы әрiптестiктiң нәтижесi.
Конфуций орталығы елiмiз үшiн қытай тiлiнiң мамандарын даярлайтын негiзгi ғылыми орталық болмақ. Мұнда бiлiм алу үшiн бар жағдай жасалған. Мультимедиялық оқу құрылғыларымен жабдықталған екi зал, лингофондық кабинет, спутниктiк телеарналар мен қытай және орыс тiлдерiндегi 5 мыңнан астам оқу-әдiстемелiк әдебиет бар.
Жаңа ғылыми орталықтың ашылуына ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Чэн Гопин, Ланьчжоу университетiнiң вице-президентi Дзинь Тау және басқа да бiр топ қытайлық делегат қатысты.