Өркениет

«Көңілдес болуға жарамаймын»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

  • «Көңілдес болуға жарамаймын»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

    «Көңілдес болуға жарамаймын»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой, міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер.

Танымал тележүргізуші, Сенат депутаты Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен құрған отбасы туралы бар шындықты айтты, деп жазады Paryz.kz.

Сенат депутатының ашық сұхбаты Instadram-дағы парақшалардың бірінде пайда болды. Онда оның Аман Тасығанның “Ең алғашқы” бағдарламасына қонақ болғанын көруге болады. Жүргізушінің “Владимир Рерих мырзаны басыңызға қонған бақ деп бағалайсыз ба?” деген сауалына тележүргізуші тұшымды жауап айтты.

“Бір кездері солай болған, ол бір жағынан менің журналистикадағы ұстазым. Журналистикадағы алқашқы ұстазым. “Хабарда” жұмыс істеп жүргеніме 4 жылдай болды, сол кісі ғой енді. Бір жағынан мен қалай көңіл білдіремін ол кісіге? Ол кісі отбасылы, сонда сөздерінен, маған деген ниетінен ұқтым. Бірақ мен бірден айттым, мен көңілдес болуға жарамаймын. Мен ондай қарым-қатынаста ньюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін не ақ, не қара болу керек деп. Сонда ғана ол кісі басы босады, сосын барып біз қосылдық”,-деді ол.

Сонымен бірге ол онымен қалай ажырасқанын да алғаш рет айтып берді.

“Өйткені мен, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, өйткені ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімді қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан, мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер”,-деді ол.




Көрілген: 2309    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 13:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31