Өркениет

Қордайдағы бауырларыма тоқтау айтамын – Асанәлі Әшімов

  • Қордайдағы бауырларыма тоқтау айтамын – Асанәлі Әшімов

    Қордайдағы бауырларыма тоқтау айтамын – Асанәлі Әшімов

 «Қандастарым менің, жерлестерім, бауырларым, қабырғам қайысып, іштен күйініп отырмын. Бұл – өзіміздің ел! Төбелесқұмар емес, жуас ел едік. Жігіттердің шамына тиген әлдебір топтың жетегінде кетіп қалғаны белгілі болып жатыр. Сондықтан, азаматтарға, бауырларыма тоқтау айтамын. Елдің, жердің басында отырған халық емеспіз бе?» - деді ол. А.Әшімовтың айтуынша, үлкен елдердің, дамыған мемлекеттердің қатарына қосыламыз деген ниетіміз бар, талпынып келеміз. Сол жолда атқарылған қыруар шаруаға сыз түсірмегеніміз абзал.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кеткен болу керек деп ойлаймын. Мен қазақтың жігіттерін кінәламаймын, шыдамы таусылған тұста шарт кететін қасиет қанымызда бар. Ежелгі бабаларымыз жоңғарлармен соғысты, кешегі аталарымыз фашистермен шайқасты. Әкемізді бердік сол майданға. Бірақ ол – басқа соғыс еді. Ал мынау – ауыл арасындағы төбелес. Алайда, резонансы жаман. Көрші елдерге күлкі боламыз, мазаққа айналамыз. Осыларды ескеру керек. Қаны қызып алған адамдар қайдан ескерсін?! Оны да түсіну керек. Бірақ тоқтату қажет қанқызбалықты», - деді Халық әртісі.

Белгілі тұлғаның пікірінше, Қордайдағы төтенше оқиға салдарынан қан шығып жатыр, өлім орын алып жатыр. Оның кесірі тиетінін білгеніміз дұрыс. «Мешкей деген жақсы ат емес. Мына жақтан дүнгендер, мына жықтан ұйғырлар шығады, олар да оңай халық емес. Төбелес шығарып жүрген қаны бұзылған біреулер болуы мүмкін. Қазақтарды кінәлаудан аулақпын, дегенмен ақымақтармен ақымақ болудың жөні жоқ.

Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын», - деген Асанәлі Әшімұлы бұл ахуалға қатты уайымдағанын жеткізді. Тіпті, таңертең барып, халыққа тоқтау айтсам ба екен деген ой алған. «Түнімен ұйқым қашты, тынышым бұзылды. Менің туған жерімде болып жатқан оқиға болғандықтан айналамдағы кейбір пиғылы бөлек жандар ала көзімен қарайды. «Ана жақта бауырларың не істеп жатыр?» дегендей. Жастар біз секілді қарияларды аясын. Одан да білімге, ғылымға талпынсын. Төбелестің аты – төбелес, аты да жақсы емес», - деді Еңбек Ері.

ҚазАқпарат




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сенбі, 08.02.2020, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30