Өркениет

"Қорқамын": Ақбота Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

  • Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Жақында ғана жолдасымен ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет желідегі оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесінің сөзінше, оның ішінде не болып жатқанын көпшілік түсінбейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Сейітмағамбет жаңа қарым-қатынасты бастауға қатысты өз ойын ашық айтты.

 

Өткен жылы актриса жолдасы Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен болатын. Қос жұлдыздың ортақ екі баласы бар.

 

Әртіс сәтсіз некесіне қарамастан, болашақта шынайы махаббатын кезіктіретінінен үмітті.

 

"Көп адам жалғыздықтан қорқады. Ал мен түсініксіз әрі мән-мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын. Жан дүниеммен егіз жаралған сыңарымды Алла нәсіп етсе табармын уақытысы келгенде. Ал қазірге: Атты мен жаяудың сәлемі жараспас беген әңгіме болып тұр", - деп жазды әнші.

 

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

 

Сонымен қатар, желідегілер актрисаның көзі үнемі мұңға толы екенін айтып, оның себебін сұрады. Ақбота Сейітмағамбет бұл сауалға да жауап беріп, жанкүйерлеріне бәрін түсінідіріп беруге тырысты.

 

"Кейде сырт келбет, жүздегі күлкі шынайы бола бермейді. Айналаңдағы жақындарыңды алаңдатпай алдарқату үшін декүлімсірей салатын кезің болады. Алайда, көз жалған айтуды үйренбегенмүмкін жанарымда көп адамның түсінгісі келмей жүрген жайымның шындығы жатқан шығар. Ауызбен айтуға қиын дүниелерді көз ғана жеткізеді. Ал көздің тілін бәрі түсіне бермейдә", - деп жазды әнші.

 

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

 

 

 




Көрілген: 3198    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31