Өркениет

«Қорқыт» тобы Бекзат Саттархановқа арнап «Дара тұлға» атты күй шығарды (видео)

  • https://khabar.kz/

    https://khabar.kz/

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы қазақтың біртуар ұлы, жұлдыздай жарқ еткен спортшы Бекзат Саттархановқа арналған «Дара тұлға» күйін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құнды туындының ауқымы кең, үш бөлімнен тұрады: Бекзаттың өмірі, жетістігі, өмірден жарқ етіп өткен сәті баяндалады. Шығарма авторы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек. Шығарманы халықаралық байқаулардың лауреаты «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы орындайды.

Шолпан Қорғанбектің Алаштың маңдайына сыймай кеткен Бекзат Саттарханов туралы шығарма жазуына халықтың Бекзатқа деген сағынышы себеп болған екен. Ойлана келе композитор Бекзат жайлы деректерге көз жүгіртіп, тың туындыны жазып шығыпты.

Айта кетсек, бүгін – Бекзат Саттархановтың өмірден өткен күні. Боксшысының жарқын жеңісі – 2000 жылы Сиднейде өткен ХХVІІ жазғы Олимпиадада чемпион атанған сәті. Қарсыластары мықты әрі көп еді. Бекзат Саттарханов қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешті. 20 жасында жол апатынан ажал құшты.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Хабар» агенттігінің тапсырысымен Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм жуырда, еліміздің үлкен экрандарынан көрерменге жол тартқан болатын.

 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.12.2019, 16:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29