Өркениет

Коронавирусқа қатысты әртістердің пікірі қақ жарылды

  • Коронавирусқа қатысты әртістердің пікірі қақ жарылды

    Коронавирусқа қатысты әртістердің пікірі қақ жарылды

Тіпті, қажет болса заң алдында жауапқа тарту керек.
Өнер өкілдері екіге бөлінді, бірі карантинге қарамастан той тойлап, ән шырқап жүрсе, екінші тарап сақтық шараларын сақтауға үндеуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тіпті, Ләйлә Сұлтанқызы ережеге бағынбайтындарды ақылға келуге шақырды. Бұл жайында revuenews бағдарламасында айтылды.

Бүгін COVID-19-ға байланысты елімізде бірқатар шектеулер енгізілді. Яғни демалыс күндеріне Қазақстанның алты бірдей қаласында: ойын-сауық орындары, сауда үйлері, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарларының жұмысы тоқтатылмақ. Ал отбасылық отырыстар мен тойларға әліге дейін рұқсат жоқ.

Бірақ соған қарамастан той тойлап, күнкөрістің қамына кірісіп кеткен әртістер қауымы жетерлік. Мәселен күні кеше бір бөбектің тұсауын кесіп, ән айтып жүрген Шахизада жұрттың сынына қалды. «Бұлар ережеге бағынбай ма?», - дейді ашулы ел.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы әріптестерінің бұл қылығын ақтап ала алмайтынын, ереженің бәріне ортақ екенін айтады. «Тіпті, қажет болса заң алдында жауапқа тарту керек», - дейді ол.

"Сақтық шараларын ескерткеніміз жөн. Сол сақтық шараларын менің ойымша, сақтық шараларын ұстанбаған, сақтық шараларына бағынбаған адамдарды мүмкін жазаға тарту керек шығар", - дейді тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласында тұрып жатқан тележүргізуші, елордада ахуалдың мүшкіл екенін айтады. Сұлтанқызы отбасын індет ошақтарынан барынша оқшаулап жүргенін жеткізді.

"Шынындада Нұр-сұлтанда жағдай мәз емес. Кеше ғана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле ханыммен сөйлескенде, «бізде жағдай яғни Нұр-сұлтанда, Италиядағы болған жағдай қайталануы мүмкін» деп қалды. Ол дегеніміз жедел жәрдем көп жерлерге барып үлгермейді. Ауруханаларда орын жоқ деген сияқты.

Алғашында індеттке атсүті қараған Айқын Төлепберген де желі арқылы дабыл қағып, оқырманын сақтық ережелерін ұстануға үндеді. «Достарым, таныстарым ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Дистанция сақтаңыздар», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

"Бұл індеттің, бұл коронавирустың таралмауының жалғыз ғана жолы бар, жалғыз ғана жолы – үйде отыру. Себебі сіз өзіңіз білмей ауырып тұрсаңыз, сыртқа шығып басқа адамдарға жұқтыра аласыз. Ауырмай тұрсаңыз сіздің подъезіңізде бір адам ауырып тұрса, сіз одан жұқтыра аласыз және қолмен ұстау арқылы, ауа арқылы", - әнші Айқын Төлепберген.

«Мерекелерді кейінге шегеру керек», -деген Зарина Омарова да бүгінде түсіп жатқан тойларынан бас тартып жатқанға ұқсайды.

"Әрине қазіргі уақыттағы карантин барлықтарымызға оңай болып жатқан жоқ. Негізінде әр адам, әр жан қазіргі уақытта адами құндылықтарды түсінгендей сияқты болып жатыр. Сақтық ережелерін дұрыс, дұрыс ұстанып жүрген дұрыс деп есептеймін", - дейді әнші Зарина Омарова. 




Көрілген: 1240    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.06.2020, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31