Өркениет

"Коронавирусқа сенбеу – сандырақ!": COVID-19 індетінен айыққан Айқын Төлепберген бар шындықты айтты

  • "Коронавирусқа сенбеу – сандырақ!": COVID-19 індетінен айыққан Айқын Төлепберген бар шындықты айтты

Айқын Төлепберген коронавирус індетінен саяси астар іздеген отандастарына ашулы, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Алғашқыда COVID-19 дертіне шалдыққанын айтып, желіге видео жүктеген танымал тұлғалардың әрекетін көпшілік жасандылыққа балағаны жасырын емес. Тіпті, елге аты жақсы таныс өнер өкілдеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржы төленді деп топшылады көпшілік. Бұл тізімде әнші Айқын да бар. Қазіргі таңда аты жаман дерттен айыққан Төлепберген өзін кінәлаған жұртқа жауап берді.

"Коронавируспен ауырғаны үшін ақша төледі деген қауесет, жалпы коронавирусқа сенбеу – сандырақ . Мүмкін баяғыда елдер сондайға сенген шығар. Қазіргі жағдайда коронавируспен әр жанұяның туысы бар, танысы бар ауырып жатқан немесе қайтыс болып жатқан. Қазіргі таңда коронавирусқа сенбеу өзектілігін жоғалтты деп ойлаймын", - дейді Айқын.

Бүгінде Айқын сақтық шараларын естен шығарған емес. Әншінің айтуынша, аурудың белгілері білінген сәтте бірден жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегіне жүгінген жөн.

"Қазір енді Аллаға шүкір жағдайым жақсы. Басында екі күн ыстығым көтеріліп, ұйықтай алмай қиын болды. Жедел жәрдем шақырдым. Үйде емдел деді. Бірақ екі күннен кейін шыдай алмадым. Ауруханаға жатқызды сол кезде. Кейін бәрі жақсы болды. Негізі COVID-19 деген кезіндегі оба ауруы секілді ғой", - дейді Айқын Төлепберген.

Шоу-бизнес өкілдерінің ішінде аталған сырқатқа шалдыққандар тізімінде Асхат Тарғын да бар. Бүгінде толықтай аурудан айыққан әншінің қос өкпесі қабынған.

"Бастапқыда мен бірнеше күн тұмау болып ауырдым. Сүйектерім сырқырап укол алдым. Бірнеше күннен кейін барып ыстығым түсті. Бірақ жағдайым мәз болған жоқ. Індетпен бәріміз ауырып қалдық қой. Екі жақты пневмония болдық. Мұрын иіс сезбейді, ауыз дәм сезбей қалды қысқасы. Жаман екен! Қазір бәрі жақсы!" - дейді Асхат Тарғын.

Аты жаман індеттің құрығына ілігіп, кейін дер кезінде ем қабылдағандар қатарында Қарақат Әбілдина, Әсел Сәдуақасова және Дәурен Айдарқұлов та бар. Ал, композитор Кеңес Дүйсекеев, актер Мұрат Мұқашев, дизайнер Берік Исмайлов, актер Дархан Дайырбек сынды мәдениет майталмандары әлемді жалмаған дерттен көз жұмған еді.  




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30