Өркениет

"Көрсеткеніме өкініп қалдым": Ғазизхан Шекербеков алғаш рет сұлу жарын көпшілікке көрсетті

  • "Көрсеткеніме өкініп қалдым": Ғазизхан Шекербеков алғаш рет сұлу жарын көпшілікке көрсетті

Өткен жылдан бастап отбасылы екенін жасырмай айтып жүрген әнші Ғазизхан Шекербеков осы уақытқа дейін балаларын көпке таныстырып келді. Әнші алғаш рет жарын көрсетті.

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды. 

 
Ғазизхан Шекербеков былтырдан бері отбасылы екенін жария етіп келді. Балаларының суретін желіге жиі жүктейді. Алайда әйелін жасырып келді. Бұл жолы үшінші баласын күтіп отырған жарының суретін жариялады. Алайда бұл әрекетіне кейін өкініп қалыпты. 

"Менің отбасылы екенімді көпшілік біледі ғой. Балаларымды көрсетіп жүрмін. Әйел болмаса, бала қайдан болады. Үшінші баламды күтіп жүргендіктен көпшілікке әйеліммен түскен суретімді көрсеттім. Салыстырып көрейінші дедім. Оқырмандарым неге қызығады екен деп ойладым. Әйелімнің суреті көп лүпіл мен пікір жинады. Көпшілік менің жеке өмірім қызығады екен. Маған бұл ұнамады. Менің өнерімді бағалағаны жақсы еді. Соған ерегескенде әйелімнің басқа суретін жарияламай қойдым", - деді әнші.

Әнші көпшілікке ерегескенде енді әйелімнің суретін жарияламаймын дейді. Маған қаралымның керегі жоқ деп ақталды. 

"Келіншегіммен сурет сала бергенім ертең машина ойнатам деген сөз емес. Менікі жай бір қыдырғанда ұпай жинап қалу ғой. Ертең маған мүлде ренжи алмайтындай", - деп жазды әнші сурет анықтамасында.

"Әйелімді жариялаған соң оқырмандарым көбейе бастады. Егер маған қаралым керек болса, жарымның суретін күнде жариялап отыратын едім. Бірақ маған ондай керек емес. Мен өзі керісінше жүретін адаммын ғой. Сондықтан оны қаламаймын. Менің оқырмандарымның қызығушылығын білу мақсатында әрі әйелімнің көңілін аз да болса көтеру мақсатын да жасаған едім", - деп ақталды Ғазизхан Шекербеков. 

"Үйленгеніңді білмеппін, бақытты болыңдар әдемі екен", "Әйеліңіз қандай сұлу", "Еркектер, қолда бардың қадірін білмейді", "Әп-әдемі әйеліңізді неге жасырасыз?", - деп жазды желідегілер.




Көрілген: 1740    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31