Өркениет

"Көршінің қызын" айтатын адам маған сын айтпай-ақ қойсын

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

"Жұлдызды жекпе-жек" жобасына қатысқан әнші Назарбек Оразбеков өнердегі бірқатар ағаларына өкпелі екенін жасырмады. Жас өнерпазға бәрінен Тоқтар Серіковтың айтқан сыны ұнамаған. Оның ойынша, "Көршінің қызы" деген әнді айтатын өнер иесі өзін сөгуге тұрарлықтай емес деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап.

 

Назарбек Оразбеков Тоқтар Серіковке қатысты пікір білдіріп, оның өзіне айтқан сыны орынсыз болғанын алға тартты. Ол сахнада әртіс болып жүретін бірқатар жұлдыздардың шынайы өмірде елге көрінгендей жақсы емес екендерін жайып салды.

 

Оның айтуынша, аға буын әншілердің көбісі халық алдында "бетпердесін тағып алып" жүреді.

 

"Мен оны Тоқтар аға демеймін. Тоқтар деп айтамын. Себебі, менің ол кісімен еш байланысым, қарызым жоқ. Мен өнерде өзіммен өзім жеке өз жолыммен жүріп келе жатқан адаммын. Бұл жолға мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Мені басында менсінбеді ғой. Шабуыл жасап жатты. Мен жай күліп жауап қаттым. Өйткені, ол жерде басқаша сөйлесе алмайсың ол кісілермен. Басқалай айтып тастау үшін ұсақталғым келмеді. Ол ұсақ әңгіме мен үшін. Оны экранда монтаждап кесіп те тастайды.

Тоқтар маған негізі басында қызық болып жүрді. Гүлсім "Зауалды" айтты ғой. Сол кезде бір қынжылғаным, Тоқтар "зауалына енді ғашық болдым" деді. Сол сәтте маған Тоқтар толық түсінікті болды. "Зауал" ғашық болатын ән емес, ол әнді сезіне білу керек. Мен Тоқтар болсын, кім болсын қай жердікі екенін білемін. Оның үстіне "Көршінің қызын" айтатын адам маған зауалға пікір айтатын адам емес деп қабылдадым" , - деді ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін Назарбек Оразбеков Мейрамбек Бесбаевты ескі адам ретінде қабылдайтынын айтқан болатын. Ол эстрада жұлдызын мойындамайтындай көрінді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 4311    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.08.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31