Өркениет

Қоянбаевтың фильміне түсу үшін таласқан екі актер жанжалдасып қалды (видео)

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Әділгерей мен Жахан Отарғалиев "Бизнес по-казахски в Турции" фильміндегі рөл үшін таласып жүр. Нұрлан Қоянбаев жаңа киносына екі актердің тек біреуі ғана түсетінін хабарлап, желі қолданушыларына таңдау жасауға көмектесуін сұраған. Бастапқыда ағалы-бауыр болып сыйласатындарын айтқан өнер иелері бәсекелестік жолында бір-біріне қас болып кеткен көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Отарғалиев пен Әділгерей бірге тікелей эфир жасап, оның барысында өзара жанжалдасып қалған. Қос актер жанкүйерлерінің көзінше айқайласып, бір-бірі туралы не ойлайтынын жайып салған.

 

Рөл үшін таласып, әлеуметтік желіде қырылып қалған өнер иелерінің видеосымен Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында бөліскен.

 

Белгілі кинопродюсер алдағы уақытта Түркияда "Бизнес по-казахски" фильмінің жалғасын түсірмек ниетте. Сол себепті, ол қос актердің біреусін таңдай алмай қиналып, таңдауды желі оқырманарына сеніп тапсырған.

 

Қоянбаев арнайы сауалнама жүргізіп, халықтың пікірін білгісі келді. Алайда, КВН жұлдызы бұл бәсекелестік осынлай ушығып кететінін күтпесе керек.

 

Желідегілердің бір бөлігі Жахан Отарғалиев үшін дауыс берсе, қалғаны Қайрат Әділгерей рөлге лайықтырақ деп есептейді.

 

Бұл бәсекелестіктің соңы немен аяқталатыны әзірге белгісіз.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CBP7O15HHNf/




Көрілген: 1222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31