Өркениет

«Көзге шөп салу – қалыпты жағдай»: Байзақова жігітімен неге айрылысқанын айтты (видео)

  • © Jasqazaq.kz

    © Jasqazaq.kz

Айжанның айтуынша, жігіті оның ашық киінуіне, түнгі клубтарға баруына қарсы болған. Екеуі үш жыл бойы қыз бен жігіт боп жүріп, сезімнің жетегінде тіпті үйленуге сөз байласқан екен.


Бейбіт Әлібековаға берген сұхбатында Айжан Байзақова 18 жасында алғаш жігітпен жүргенін және онымен айрылысу өмірін қатты өзгерткенін айтты. Айжан сол кездегі сезімін «тым қалыпты» деп сипаттайды.


«Байзақова – сұмдық, жезөкше, ұятсыз деп барлығы күйе жағып жатады. Мен 18 жасыма дейін мүлде басқа адам едім. Бір адамды қатты жақсы көрдім. Менің арманым – сол жігітке тұрмысқа шығу, үш баланың анасы болу, күйеуімнің жағдайын жасау еді», - деп ағынан жарылды ол.


Айжанның айтуынша, жігіті оның ашық киінуіне, түнгі клубтарға баруына қарсы болған. Екеуі үш жыл бойы қыз бен жігіт боп жүріп, сезімнің жетегінде тіпті үйленуге сөз байласқан екен.


«Біздің отбасымызда үйлену тойына дайындық басталып кетті, бірақ тойымызға бір-ақ апта қалғанда екеуміздің айрылысып кеттік. Біз махаббатымызды сақтап қала алмадық», - дейді Байзақова.


Байзақова «Көзге шөп салу – қалыпты жағдай, тіпті қорқынышты нәрсе емес» деді.


Той жыры біткен соң, Айжан жалғыз өзі Грузияға кетуге бел байлапты. Сол жақта бірінші рет «татуировка» жасатқан.


«Сол уақытта мен қатты күйзелісте болдым. Өзімді ішімнен жеп, масқарам шықты деп түңіліп кеттім. Бірақ та Грузияға сапарым өмірімді өзгертті. Өмірдің соңы бұл емес екенін түсіндім. Біз Грузиядан елге қайтқаннан кейін де мүлде кездеспедік. Ол менің алғаш жүрген жігітім болатын. Мен оны жақсы көргендіктен қайғысымен бөлісуге дайын болдым. Ол дайын болмады», - дейді Байзақова.


Байзақова сәтсіздікке ұшыраған тойынан кейін бірнеше пластикалық оталар жасатқанын жасырмайды. Атап айтсақ, кеудені, ерінді үлкейту, қабақтың пішінін өзгерту және т.б. Алайда ол мұрын пішінін өзгерткені туралы қауесетті жоққа шығарды. 



sn.kz




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31