Өркениет

"Көзінде мұң бар". Сол үшін де басқа жаққа кетіп қалғым келді - Мадина Сәдуақасова

  • Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерін қатты алаңдатып қойды. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялап, соңғы уақытта көңілсіз болып жүргені рас екенін мойындады. Эстрада жұлдызының сөзінше, оның мұндай күйге түсуінің өзіндік себебі де бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мадина Сәдуақасова желіде қызу талқы тудырған жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда шоу-бизнес жұлдызы соңғы кезде көңіл-күйі болмай жүргенін сезген жанкүйерлерінің болжамын растады.

 

Олар өнер иесінің көзінде бір мұң пайда болғанын жарыса жазған. Әншінің өмірінде орын алған белгілі бір жайттар оны шетелге демалысқа кетуге итермелеген.

 

“Көзіңізде бір мұң бар деп” соңғы кезде көп айтады маған. Оның себебі бар. Сол үшін де басқа жаққа кетіп қалғым келді. Египет керемет жер екен" , - деген жазба қалдырды Сәдуақасова.

 

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасынан кейін оның мұңайып жүруіне не себеп болғанын анықтап әлек болды. Олар фото астында өзінің түрлі болжамдары мен пікірлерін қалдырып жатыр.

 

Оқырмандардың басым көпшілігі бұл жайт эстрада жұлдызының жеке өміріне тікелей қатысты деген ойда.

 

"Мұңайған сайын Мысырға бара берсең жаман емес", "Мадина еңсеңді түсірме, бәрі өткінші, кешірімді бол" , "Олжаспен ажырасқалы жатқан жоқсың ба?", "Сабырлы бол. Әлі Әнуардың қарындасы болады. Мұңайма, мықты бол", "Ажырасып кеттімм демеші" , "Биылға ажырасқандар жетерлік. Сіз олардың қатарында емессіз деген үміттемін" , "Отбасыңызды сақтап қалыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

 

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова бүгінде Мысырда ұлы мен туған сіңлісімен демалуда. Әдетте әншімен шетелді бірге аралайтын жолдасы бұл жолы олармен бармаған.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CFPe2dSsIdq/




Көрілген: 4566    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31