Өркениет

"Кіргенімді қалайсың ба": Атышулы Байзақова абақтыда көрген сұмдығын еске алды

  • © reactor

    © reactor

2017 жылы атышулы блогер Айжан Байзақова түнгі клубта қыздар арасында шешінуден сайыс өткізгені үшін үш тәулікке қамалған еді. Жақында желі жұлдызы қоғамды дүрліктірген күндерді еске алып, тергеу изоляторында болған жайтты бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Блогер сол келеңсіз оқиғадан кейін өз танымалдылығы арта бастағанын жеткізді.

 

"Мені көбі сол оқиғадан кейін біледі. Маған тек айыппұл төлейсің деп еді, сотта іс басқаша өрбіді. Ата-анама болған жайтты айтып та үлгермедім, барлық жаңалықтарда жүргендіктен, өтірік айту да мүмкін болмады",- дейді ол.

 

Байзақованың сөзінше, сот залынан шыққан соң оның Instagram парақшасын қалыпқа келтіру құқынсыз өшіріп тастаған. Ал өзі үш тәулік бойы суық камерада жалғыз отырған.

 

"Үш тәулік сөйлесетін ешкім болмады. Лас шүберекпен дәретхананы өзім сүрттім. 18 жасымда осындай жағдайға тап боламын деп ойлап па едім? Әрине, жоқ", - деп ағынан жарылды ару.

 

Желі жұлдызы әр сыбдырға құлақ түріп, дұрыс ұйықтай алмаған.

 

"Бірде камераға бір еркек келіп, тамақ беретін терезені тоқылдатып, "Жалғызсыраған жоқсың ба? Кіргенімді қалайсың ба?" деді. Қандай сезімде болғанымды елестете аласыздар ма? Тек бес минуттан кейін ғана кезекші жүгіріп келіп, оны алып кетті. Сол уақытта үйімнің алдында радикалдар ата-анамды қорқытқанын да естідім. Бірақ, қолымнан ештеңе келмеді. Тек үш тәуліктің аяқталғанын күттім",- деп еске алды ол.

 




Көрілген: 11124    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31