Өркениет

«Қуандық & Гауһар» дуэті қайта құрылды

  • «Қуандық & Гауһар» дуэті қайта құрылды

    «Қуандық & Гауһар» дуэті қайта құрылды

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды дуэттердің көшіне қосылған «Қуандық пен Гауһар» жобасының жолы екіге бөліген еді. Ұзақ уақыт жұрт назарынан жырақта болған жұп жағымды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіге су жаңа видео жүктеген Қуандық Рахым өз оқырмандарын елеңдетіп қойды. Кезінде бұл өнер иелері тыңдарманын таңдай қақтырып, сахнада сүйкімді жұп бола білген еді. Әйтсе де, Қуандық пен Гаухар дуэтінің ғұмыры ұзаққа бармаған-ды.


«Халықтың арасында өріп жүрген әңгіме көп. Анаумен араздасып қалыпты, мынаумен араздасып қалыпты. Көріспейтін болып қалыпты, ананың тойына, мынаның тойына бармапты деген әңгіме болып кетті. Сондықтан, қарым-қатынасымыз кәдімгідей достық күйінде, әлі сол қалпында. Шығармашылық қарым-қатынаста әлі боламыз деген ниетпен шығарған болатынбыз», – дейді Қуандық.


Кезінде екі бөлек кеткен әріптестердің арасындағы сезім жайлы да сыбыс шықты. Қайта қауышқан Қуандық пен Гаухар араға жылдар салып ақиқатты айтуға әзір!


«Дуэт болады. Бірақ, былай қосылып кету деген болмайды. Қарындасым ретінде қарайтын қыз. Енді таза кәдімгідей Тоқтар мен Бейбіт сияқты, Жанболат пен Жазира аға-әпкелеріміз сияқты дуэт болып кетеміз деп айта алмаймын. Менің шығармашылығым бөлек әңгіме. Арасында халық сағынған кезде шығарып тұруымызға болатын шығар», – дейді Қуандық Рахым.


Қазақ эстрадасының қайнаған ортасына Қуандық пен Гаухар дуэті қайта оралмақ. Жұмысты жандандырған дуэттің ендігі мақсаты – тың туындылармен тыңдарман қауымды қуанту! 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.12.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31