Өркениет

"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр

  • "Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр

Актриса Айнұр Ілиясова қуанышты хабармен бөлісті. Ол үшінші сәбиін күтіп жүргенін растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Екі қыз тәрбиелеп отырған актриса бұл жүктілікті жоспарламағанын ашық айтты. Тіпті, сәбилі болатынын білген сәтте қуанбағанын, керісінше, уайымға салынғанын жасырмады. 

"Алғашқы екі жүктілігімді жоспарлап, тыңғылықты түрде дайындалдым. Ал бұл жолы басыма осындай іс түсті. Косметологқа барып, түрлі процедураларды жасап жүргенімде ол етеккірдің кешігуі жайлы сұрады. Мен жоққа шығарып, мүмкін емес дей бердім.  Ақыры тест жасадым. Сол кездегі түрімді көрсеңіздер ғой", - дейді Ілиясова. 
Айнұр 2016 жылы алғаш рет ана атанған. Екінші қызын 2019-да босанған актриса әлі кішкентай балаларын уайымдағанын айтады. 

"Шынымды айтайын, қуаныштан секірдім немесе бақыттан басым айналды дей алмаймын. Алғашқы реакциям: "Менің балаларым кішкентай ғой, о жоқ", - дедім.
Қолымнан келе ме? Онсыз да күнде көзім дірілдейді. Әрқайсысына көңіл бөлу керек. Күйеуім, жұмысым, жеке жұмыстарым бар", - деп ағынан жарылды Ілиясова.

Айнұр ес жиюға, болған жайтты қабылдауға бірнеше күн кеткенін айтады. 

"Жаратқанға, Әлемге солай ыңғайлы болса, демек солай болуы керек. Гинекологқа барып, жүктілігімнің бақытты өтуін ойладым. Содан басталды..." - деп әңгімесін қызықты жерінде аяқтаған Айнұр жалғасын келесі жолы жазуға уәде берді. 




Көрілген: 2209    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31