Өркениет

"Құдашам..." Ермахан Ыбырайымов тоқалын көрсетті

  • "Құдашам..." Ермахан Ыбырайымов тоқалын көрсетті

Боксшының екінші әйелінің спортқа еш қатысы жоқ адам екен. Мамандығы білім саласына қатысты дейді.


Халықаралық спорт шебері, танымал боксшы Ермахан Ыбырайымовтың екі әйелінен 10 баласы бар, деп хабарлайды Zakon.kz "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.


Өз сұқбатында 8 ұл, 2 қыздың әкесі бүгіндері Алматы қаласында екінші әйелімен тұрып жатқанын ашып айтты.


- Мен өзім 10 балалы отбасыдан шыққанмын. Үйде 8-ші баламын. Сондықтан менде де 10 бала болса деп мақсат еттім. Қазір үлкен ұлым Америкада оқиды. Шетелдің аты шетел. Қасында біреудің жүргені жақсы ғой. Сондықтан анасы баласының қасына баруды ниет етті. Содан үлкен жеңгелеріңді сол жаққа жібердік. Қазір өзім Алматыда Айжанмен біргемін, - дейді Ермахан Ыбырайымов.

Өз сұқбатында боксшы екінші әйелімен қалай танысқанын да айтып берді.


"Құдашам болып келеді ол кісі. Тойларда кездесетін болдық, басқа жерде кездесетін болдық. Кейін әңгімелесе-әңгімелесе келе, отбасы құрып кеттік", - дейді ол.


Хабар барысында боксшының екінші жұбайы Айжан Ыбырайымова да сұқбат берді.



"Өмірде қарапайым ардақты әке, асыл жар. Асабалық қасиеті бар. Кейбір кішігірім кештерді, шағын басқосуларды дөңгелетіп жібереді. Көбіне іссапармен жүреді. Ашуланғанда үндемей қоя саламын. Сабасына түсті-ау дегенге шай ішіп, бәрін рет-ретіне келтіріп аламыз. Телефонды дер кезінде көтермесең қатты ренжиді. Ауылда өскендіктен даланың жұмысына икемі күшті. Шалғымен шөпті орғанын көргенде қатты таң қалдым. Шәй ішкенді қатты жақсы көреді.


Дойбы, шахмат, нарды дейміз, бәрін өте керемет ойнайды. Кез келген іске, кез келген жұмысқа тиянақты қарап, соны соңына дейін тыңғылықты атқарады. Асығыс-үсігіс деген жоқ. Олимпиада чемпионын даярласам деген арманы бар. Одан соң зейнетке шыққанда ауылға кетіп, мал баққысы келеді. Жақсылық Үшкемпіров деген ағамыз бар ғой, өзінің жеке қожалығы бар. Соның жолын берсе екен деп армандайды", - дейді боксшының кіші жары.


Zakon.kz




Көрілген: 8413    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 23:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31