Өркениет

«Құдай біреу ғана...»: Алагөзова әшекейлеріндегі крест белгісінің қазаққа жат емес екенін айтты (ФОТО)

  • «Құдай біреу ғана...»: Алагөзова әшекейлеріндегі крест белгісінің қазаққа жат емес екенін айтты (ФОТО)

    «Құдай біреу ғана...»: Алагөзова әшекейлеріндегі крест белгісінің қазаққа жат емес екенін айтты (ФОТО)

 Жылдар бойы Баян Алагөзова өзінің киіну стилімен талайды таңғалдырып келеді. 46 жастағы продюсер сырт келбетіне қатысты тәжірибелер жасап, батыл образдарға баруда. Бірақ, бұған қатысты ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін дейді өзі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда, Алагөзованың мыңдаған оқырмандары оны мойнына крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіруде. Сондықтан да Баян ханымның бұған қатысты түсініктеме бермеске лажы болмады.

Байқағанымыздай, бұл әшекейді Баян өте жақсы көреді. Ол алқасын шетелде де тастамай тағып жүреді. Сынға алған оқырмандарына жауап ретінде продюсер крест белгісі бар сақинасының суретін жариялап, өз ойын білдірді.

«Көбіңіз менен неге крест тағасыз деп сұрайсыздар. Бұл – 200 жыл бұрын жасалған сақинаның дәлме-дәл көшірмесі. Назар аударсаңыздар, барлық қазақ әшекейінде төрт жағы тең крест белгісі бар екенін көресіздер. Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да мен қазақпын. Бірақ, мені сіздердің басқа дінді қабылдамай, құрмет танытпайтындарыңыз қорқытады.

Адамдардың сенімін жақсы немесе жаман деп бөлуді қайдан шығардыңыздар? Құдай біреу ғана, оған табыну жолдары ғана әртүрлі» деп жазды Баян Алагөзова Instagram парақшасына.

Skifnews.kz

 




Көрілген: 3044    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30