Құмалақшы RaiM мен Еркенің болашағына қатысты адам шошырлық болжам айтты

23 қаңтар 2023, 14:59

Соңғы күндері өзінен 12 жас кіші RaiM есімді әнші жігітпен некесін қидырған Ерке Есмаханның жеке өмірі әлеуметтік желіде қызу әңгіме болып жатыр. Қазнетті шулатқан жұптың алдағы жанұялық өміріне құмалақшылар да түрлі жорамал жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ғаламторда тараған видеоға зер салсақ, желі қолданушыларының бірі құмалашқы әжейден RaiM мен Еркенің келешегі туралы сұраған.

 

Ерке Есмахан мен RaiM бірге бола ма? — деді оқырманның бірі.

 

Сол сәтте құмалақтарын шашып жіберіп, жұлдызды жұптың болашағына болжам жасаған әжей RaiM мен Еркенің махаббат хикаясына қатысты ел күтпеген жағымсыз жауап айтты.

 

Бірге болмайды. Жастықтары екі жаққа түсіп тұр, — деді құмалақшы.

 

Біреудің жеке өмірін талқылап, оны жұртқа жариялаған құмалақшы әже мен дәл сол сұрақты қойған адамның әрекеті көпшілікке жақпай қалса керек, олар желіде түрлі пікір жазыпты.

 

 

"Осы адамдар қызық. RaiM мен Еркеден басқа проблема жоқ па?", "Құдай сақтасын, оларға бақыт тілейікші", "Еркеде не шаруаларың бар?", "Ұялмайсыңдар ма? Бал ашып отырған апаға не жоқ?", "Апа, үлкен адамсыз. Біреудің өміріне бал ашқанша, тәубеге кел", — деп ашуланды желідегі жұрттың біразы.