Өркениет

Күн боп шығам қазағымның көгіне - Төреғали Төреәлі

  • Күн боп шығам қазағымның көгіне - Төреғали Төреәлі

    Күн боп шығам қазағымның көгіне - Төреғали Төреәлі

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші "Мен айтыстан кетпедім,
Айтатыным көп менің,
Қайта оралам төл өнердің төріне", деп айтыста өнер көрсететінін жария етті.

"Жылдар жылжып,
Ғасыр өтіп барады.
Өткен күннен
Нелер есте қалады.
Осы күнге жеткенге,
Бір сəт өткен кеткенге,
Көз жүгіртіп қарайықшы шамалы.
Қолдау берсе айқайың,
Тыңдасаңдар айтайын,
Қалай болған Төреғали Төреəлі?!)

1992 күз еді,
Естімесек білмеймізғой біз оны.
Байқоңырдың бай елі,
Төреəлінің əйелі,
Мені тапқан Жетісайдың қызы еді.

1999-ыншы жыл еді,
Қыркүйекте қолымызда гүл еді.
Нұрға бөлеп қыздарды,
Жырға бөлеп ұлдарды,
Сол мектептің болып шықтық түлегі.

Сөйтіп 2008-ге кеп тоқталдық.
Ару қала Алматыға кеп қалдық.
Армандаған мен өзім,
Жүргеніптің колледжін,
Студент боп алып ұшып бетке алдық.

2000-да 10-ыншы жыл кез еді,
Маған түскен Ермановтың көзі еді.
Айналайын балам деп,
Сенім артам саған деп,
Топқа қосқан Жүрсін əкем өзі еді.
Ақын болып толғанып,
Ақ домбыра қолға алып,
Айтысыңның атанып ем көжегі.

Жақсы ақын деп ел жүргенде ой пəл-ай,
Шабытымды қалмаушы едім шайқамай.
Домбыра ұстап сол қолым,
Микрофон ұстап оң қолым,
Əнші болып кетіппізғой байқамай.

11-інші ай, қарашаның 11-і,
Ұлы дала ұлы бастап жолды ірі.
Төреғали əн салып,
Бүкіл халық тамсанып,
Залға сыймай қайтты дейді сол күні.
Алғыстарын жаудырып,
Бағымызды жандырып,
Ақ тілегін айтты дейді сол күні.

Кейбіреулер жұлдыз дейді ау мені де,
Бос мақтауға кетпеуші едім семіре.
Жəй бір жұлдыз атанбай,
Сұлтан Махмұт атамдай,
Күн боп шығам қазағымның көгіне.
Мен айтыстан кетпедім,
Айтатыным көп менің,
Қайта оралам төл өнердің төріне.
Концертіме кеп тұрған,
Бəрекелді деп тұрған,
Мың рахмет мырза көңіл еліме!

Ұлы Дала Баласы. ТөреғалиТөреәлі", деп жазды желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантин кезінде Төреғали Төреәлінің отбасында болған той жайлы жазған болатынбыз.

Caravan.kz




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31