Күйеуімен ажырасқан Альмира Тұрсын кездесіп жүрген азаматы барын айтты

10 маусым 2022, 12:57

Өткен жылдың қазан айында Альмира күйеуімен ажырасқалы жатқанын айтып, ажырасу процесінің "барлық жағынан қиын" екенін атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы күйеуі екеуінің Зайыр есімді ұлы бар. Жанкүйерлер Instagram желісінде актрисадан “қазір жалғызсыз ба?” деп сұрады.

 

"Жеке өмірімді көпшілікке жария етпеймін! Көрсетпеймін, айтпаймын. Жоқ, жалғыз емеспін! Мен анамын, қызбын, әпкемін. Менің отбасым, достарым, сүйікті адамым және сіздер, менің бақылаушыларым және оқырмандарм барсыздар", – деп жауап берді патшайым рөлін орындаған Томирис.

 

Осыдан кейін жанкүйерлер “ер азаматтың бойынан қандай қасиеттерді бағалайсыз?” деп сұрады.

 

"Осындай сұраққа жауап берген еді. Тағы қайталаймын: Құдайға сенімі бар, өмірлік ұстанымдары бар, тектілігі, ақыл мен мінезі, даналық пен парасаттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, мейірімділік, жомарттық, зейінділік пен сезімталдық, әзілі, тазалық пен талғамы және стилі болғаны жақсы. Бұл – бірінші пункті", – деп күлді актриса.