Өркениет

«Күйеуін ақшамен алдап отыр»: журналист жыныстық тәрбие үйретіп жүрген орамалды келіншектерді сынады

  • «Күйеуін ақшамен алдап отыр»: журналист жыныстық тәрбие үйретіп жүрген орамалды келіншектерді сынады

    «Күйеуін ақшамен алдап отыр»: журналист жыныстық тәрбие үйретіп жүрген орамалды келіншектерді сынады

Ақ пен қараны ажырата алмайтын халық өте көп. Діни ортада жүргеннен кейін барлығын солай деп ойлайсың. Бірақ сыртқа шықсаң, шошисың. Адами кейпіндегі емес, хайуани кейпіндегі өмір кешіп жатқандар көп. «Қалаулым» бағдарламасын көзім шалып қалды. Қарасаң, боянған, сырға таққан еркектер отыр. Аузынан боқауыз сөздер шыққан қыздар бар.
Белгілі журналист Ардақ Байғабыл қазіргі радио мен телеарналардың жағдайы туралы айтты. Одан бөлек, қазақ әйелдеріне жыныстық тәрбие үйретіп жүрген орамалды келіншектерді сынға алды. Олардың қылығына қынжылатынын жеткізді, деп хабарлайды 
Stan.kz.

– Ардақ мырза, сіз радиода қызмет атқарғансыз. Бір уақыттары радионың заманы бітті деген пікірлер айтылған. Интернет жаулаған заманда радио мен теледидар дәуірі артта қалды ма?

– Радионың болашағы зор, ешқашан өлмейді. Ал теледидарды көп адамдар көре бермейді, көпшілігі интернет желісінде отырады. Сол себептен қазіргі радио саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен басшыларға әлеуметтік желіні де дамыту керек. Теледидардың заманы бітеді деп айта алмаймыз. Өйткені оның өз орны бар. Үйде отыратын адамдар саны көп. Үлкен кісілер бар.

– Қазір ютуб-каналдарда жақсы көрсетілімі бар сұхбаттар шығып жатыр…

– Ютуб-каналда сұхбаттар жүргізу болады. Бірақ «хайп» болмаса. Одан кейін сен қандай тұлғасың соған байланысты. Бірақ біздің халықтың санына қарай тұлға өте аз. Тұлғаны іздейін десең, барлығы актер, әнші. Қазір әнші мен актер ақыл айтады. Шынтуайтына келгенде олар ақылшы емес. Бір-екі ән айтып аты шыққан ол экранда біреуге ақыл айтып отырады. Алысқа кетпей-ақ қояйық, мысалы Өзбекстанның каналдарында әншілерге ақыл айтқызып отырмайды. Бізде ондай емес. Телеарналарымыздың үлкен қателігі де осы. Біздің телеарналар рейтинг, хайп іздейді де, сапаны іздемейді. Ол уақытша нәрсе.

– Мәселен, қазір «Қалаулым» бағдарламасының рейтингісі күшті деп жатыр. Өйткені ол жерде айғай-шу, тартыс бар… «Қалаулым» бағдарламасына қатысты не дер едіңіз?

– Қазір халық екі түрлі. Ақ пен қараны ажырата алмайтын халық өте көп. Діни ортада жүргеннен кейін барлығын солай деп ойлайсың. Бірақ сыртқа шықсаң, шошисың. Адами кейпіндегі емес, хайуани кейпіндегі өмір кешіп жатқандар көп. «Қалаулым» бағдарламасын көзім шалып қалды. Қарасаң, боянған, сырға таққан еркектер отыр. Аузынан боқауыз сөздер шыққан қыздар бар. Бағдарлама үш сағат жүреді екен. Бұл жерде жарнама жүріп жатыр. Ал ол – ақша. «Қалаулымды» көрсете отырып, содан ақша тауып отырғаныңыз, доңыз етін жегенмен тең. Бұл бағдарламаның жабылмауы – министрліктің кінәсі.

– Қазір курс, семинар, тренинг өткізушілер көп. Яғни, блогерліктен бастап еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарға дейін үйретеді екен. Тіпті журналистиканы тастап неке тренингтерін өткізіп, ақша тауып жүргендер бар. Бұған қалай қарайсыз?

– Өткенде бір бағдарламада болдым. Сол кезде орамалдағы қыздарымыздың жыныстық әңгіме айтып отырғаны қынжылтты. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, орамалдағы келіншек әйелдің жыныс мүшесін ортаға шығарып сабақ жүргізеді. Жыныс мүшесі туралы қазақ қыздарымыз айтқанда таң қаласың. «Күйеуің не дейді?» деп сұрағанымда «Күйеуім қарсы. Бірақ осыны өзім қалап отырмын» дейді. Ендеше оның күйеуі бұзау екен. Әйелге сөзін өткізе алмаған ол – еркек емес. Ол келіншек күйеуін ақшамен алдап отыр.

– Өздері күйеулері тастап кетпеу үшін қазақ әйелдеріне жыныстық тәрбие өткіземіз дейді. Немесе көп әйел алушылыққа да тосқауыл қою деп түсіндіріп жатады…

– Еркек ретінде сізге жауап берейін: төсек қатынасымен еркекті ұстай алмайсыз. Оларды шайтан солай шатастырып жүр. Төсек қатынасындағы әңгіме емес, үйге шаршап келгенде күлімсіреп қарсы алған әйелге не жетсін?! Әрине, төсек қатынасының да өзіндік рөлі бар. Бірақ еркекке тамағы тоқ, киімі бүтін болса жетерлік. Бір жағынан қазір біздің әйелдер көп сөйлейді, содан таяқ жейді, ары қарай ажырасуға алып барады. Пайғамбарымыздың өзі «Егер әйел саған қарсы болса, бірінші үгітте. Оған қарсы келсе, төсегіңді бөлек қыл, оған да тоқтамаса – ұр» деп айтады. Әрине, бұл жерде көк ала қойдай етіп сабау емес. Ал көп әйел алу ислам дінінде бар. Әркімге барып зина жасағанша, ашық айтып, көп әйел алғаның жақсы. Қазақ аз. Сол үшін ұрпақ көбейту керек. Демографияға атсалысудың несі жаман?

– Ал өзіңіз демографияға қалай атсалысып жатырсыз?

– Әйелім қазір алтыншы сәбиге аяғы ауыр. Барлық әйел менің әйелім сияқты емес қой. Біреуінің денсаулығы жоқ, біреуі туғысы келмейді. Сол үшін тоқал алғаны дұрыс. Дінде көп әйелге рұқсат берген, онда мен де ал деймін. Бірақ үйлену үшін әйелдеріңізден рұқсат сұрап қажеті жоқ. Өйткені ешқандай келіншек екінші рет үйленуге рұқсат бермейді. Мысалы, менің де әйелім рұқсат бермейді.

– Тележүргізушіліктен басқа блогерсіз. Инстаграм парақшаңызда бірнеше жарнамаңызды көрдім. Блогер ретінде жарнама жасау ақысы сізде қымбат па?

– Айына екі рет ғана жарнама беріп отырамын. Мен жарнама жасасам да, пайдасы бар дүниелерді шығарамын. Тіпті кейде тегін де жарнамалап беремін. Ал парақшамдағы жарнаманың ең төменгі бағасы – 100 мың теңге. Кейбіреулері инстаграмда бір оқырман – 1 теңге, бірі 2000 теңге деп жатады. ал менің оқырмандарымның құны жоқ. Кейде бір кісілер «Жарнама беруге сізге неге көп хабарласып жатады?» деп сұрайды. Сол кезде «Менің оқырмандарым сапалы және сөзді түсінеді» деп айтамын. Әнші немесе актерлердің бәленбай миллион оқырманы бар. Бірақ олар сапалы деп айта алмаймын. 




Көрілген: 3082    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31