Күйеуінің көзінше Сәкенді сүйген Нұрғали Нүсіпжановтың жас әйелі сынға қалды

30 мамыр 2022, 23:49

Ол күйеуінің көзінше Сәкен Майғазиевтің бетінен сүйіп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші жас әйелі халық сынына қалды.

 

Бейнежазбаны Сәкен Майғазиев өзінің Іnstagram-дағы парақшасына жүктеген. Видеода оның Нұрғали Нүсіпжановтың жанына келіп, әңгімелескенін көруге болады. Сол сәтте 85 жастағы Халық әртісінің өзінен 45 жас кіші жас әйелі Сәкеннің құлағына бірдеңе сыбырлағандай бетінен сүйгенін байқайсыз.

 

 

Аталған бейнежазбаға пікір білдірушілер көп. Бәрі дерлік бұл жағдайды сынап әлек.

 

"Ұят болып қалды, қасында шалы отырып, істеп тұрғаны несі". "Жас жігітті сүйіп қалайыншы деген ғой". "Мен сияқты жас алсаң, қартаймайсың деп жатқан сияқты". "Мынаны түсінбей отырмыз", — деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.

 

 

Instagram