Өркениет

Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың «таза өтірігін» жайып салды (ВИДЕО)

  • Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың «таза өтірігін» жайып салды (ВИДЕО)

    Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың «таза өтірігін» жайып салды (ВИДЕО)

Осыдан 10 жыл бұрын Қайрат Нұртас сахнаға енді қадам басқан кезде жас әншіні танымал ету үшін оның анасы Гүлзира Айдарбекова адуынды продюсерлерден қолдау сұрағанын еске алды. Алайда олардың ешқайсысы оған көмек қолын созып, қарамаған көрінеді.


«Мен Қыдырәлі Болмановқа, Майра Ілиясоваға шықтым. Алайда олардың ешқайсысы баланы сахнаға алып шығамыз деп айта қоймады. Әндерін, клиптерін көрсетіп жатырмын. Бірақ, олардың ойлары басқа жақта болды. Әлі де дайындалсын дегеннен басқа сөз айтпады»,-дейді әріптестеріне өкпелі Гүлзира Айдарбекова.


Ал, Қайратты қолдауға құлықсыздық танытты дегенді естіген әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов бәрін жоққа шығарды,


«Таза өтірік. Маған Қайрат Нұртастың өзі келіп, продюсерім бол деген жоқ, анасы да айтқан жоқ. Егер ұсыныс болса, мен қарар едім, тыңдар едім. Керісінше, кезінде Қайраттың кейбір концерттеріне сөзін жерге тастамай келіп қатыстық. Қолымыздан келгенше қолдадық. Дуэт айтайық деген ұсыныс болды, бірақ уақыттың жоқтығынан оны істей алмадық», - деп ақталды әнші.





Көрілген: 10650    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 22:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31