Өркениет

"Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге отырмады": Міне нағыз шоу!

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Интернет қолданушылардың біреуі жағдайдың абсурдтығына таң қалса, екіншісі телешоудың тақырыбына ирониямен жауап берді.

 

"Кел, татуласайық" қазақстандық ток-шоуында жүргізушілер қызды зорлаушымен татуластыруға тырысты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы бағдарламаның YouTube-арнасына сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

 

Шығарылымның бас кейіпкері 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызы болды. 14 жасында оны үш жігіт зорлады, ал жәбірленуші олардың бірінен жүкті болып, ұл туды. Қылмыскерлер сотталды, бірақ түрмеге ешқайсысын отырғызбады.

 

"Бала әкесімен аралассын,оған еркек тәрбиесі керек", - дейді бағдарлама жүргізушісі, қатысушылар және шығарылымның кейіпкері.

 

 ВИДЕО:  www.youtube.com/watch


Бұл оқиғаның абсурдтығын Назира Дарымбет Newreporter.org сайттағы мақаласында сынға алды:

 

"Студия қатысушылары мен қонақтарының пікірлері де абсурдтық. Жобада мұндай таңқаларлық қайшылықтар да көп", - деп жазады мақала авторы.

 

Ол "Кел, татуласайық" ток-шоуының тағы бірнеше шығарылымдарын талдады.

 

Сондай-ақ, бұл бағдарламаға "Строгий агашка" Telegram-арнасы пікірін жазды.

 

"Журналистер қызды татуласу қажеттілігіне сендіре алды!

 

Бала әкесімен сөйлессін, балаға еркек тәрбиесі керек. Ал «зорлаушы қандай "еркек" тәрбиесін бере алады?» деген логикалық сұрақ 31 арнаның журналистерінде туындамады ма сонда?", - деп жазады "Строгий агашка" арнасының авторы.


 

"Время" газетінің журналисі Михаил Козачков та таң қалды, ол өзінің Telegram-да осы ток-шоу туралы хабарлама жариялады:

 

"Қазақстандық ток-шоу "Кел, татуласайық!» зорлаушылармен татуласуға үйретеді екен. Мені таңқалдыру қиын екеніне сенімді болдым, бірақ 31 арнадағы әріптестер оны жеңе алды", - деп жазды ол.

 

 




Көрілген: 1074    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30