Өркениет

Қыран Талапбек: 9-сыныпта айына 2,5 мың доллар табыс тауып, мажор болдым

  • Қыран Талапбек: 9-сыныпта айына 2,5 мың доллар табыс тауып, мажор болдым

    Қыран Талапбек: 9-сыныпта айына 2,5 мың доллар табыс тауып, мажор болдым

Танымал мобилограф, кәсіпкер, Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек Қытайдан көшіп келгенде қазақша білмегенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz Қуаныш Шонбайдың "Төртеу түгел болса" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыран шамамен 5-6 жаста болған кезде отбасымен аспан асты елінен көшіп келген. Әдетте Қытайдан келгендер үшін орыс тілін үйрену қиынға соқса, Қыран өз ана тілін білмей қиналған.

"Таза қытайша сөйлегенмін. Қатты намысыма тиді. Қазақша үйрендім, қазақ әдебиетімен таныстым, Мұқағали оқуларына қатысып, республикадан 1-ші орын алдым.

Тілім қытайша шығып бастаған. Орыс бала-бақшасына бардым. Әрі қарай лицейге түстім, түрікше үйрендім. Қазір 5 тіл білемін", – деп ағынан жарылды Қыран.

Бүгінде миллиондап табыс табатын кәсіпкер Қыран жақында құны 100 млн теңге тұратын Rolls Royce автокөлігін алған. Ал кәсіпкерлікті 15 жасында бастағанын айтады.

"Базардан 8 мың теңгеге планшет алып, оны әдемілеп суретке түсіретінмін. Оlx-қа салатынмын. Sulpak 25 мыңнан сататын, мен 18 мыңнан сататынмын. 15-16 жасымда айына 2-2.5 мың доллар табатынмын. 9-сыныпқа дейін мектепке автобуспен барып келіп жүрсем, 9-сыныптан бастап мажор болдым. Iphone, Ipad, балалық шақтағы армандар болады ғой, бәрін алдым", – дейді Қыран Талапбек.




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.07.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30