Өркениет

Қырғызстан президенті жұбайымен бірге қазақ әншілерінің концертіне келді

  • © Photo : Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

    © Photo : Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылуына арналған гала-концертке қатысты.

 

Іс-шара Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында 7 қазан күні өтті. Президент концертке жұбайы Айгүл Жапаровамен бірге келді.

 

"Гала-концерт аясында екі елдің өнер шеберлері өнер көрсетті, оның ішінде КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі және Еңбек ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева болды", - деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, "Астана балет" театры, Домбырашылар ансамблі, "Арлан" ұлттық дәстүрлер театры, "Тұран" фольклорлық -этнографиялық ансамблі, "МузАрт" эстрада тобы, сондай-ақ басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты.

 

Іс-шараны Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясы, республикалық және облыстық телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30