Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қысқа көйлекпен ән салып, санын жылтыратқан Кәмшат Жолдыбаева сынға қалды (видео)

26 наурыз 2019, 13:02

Кәмшат Жолдыбаева тағы да өзінің ашық образы үшін елдің аяусыз сынына ұшырады. Ел алдына қысқа көйлекпен, аяғын жалтыратып шыққан әнші көпшіліктен оңбай сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

nstagram желісіне Кәмшат Жолдыбаеваның өнер көрсетіп жатқан сәтінің видеосы тарап кетті.

Оқырмандар әншінің өнеріне емес, сахналық образына аса мән берген көрінеді.

Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының ел алдына аяғын жалтырата шыққаны үшін сөгіп тастаған. Желідегілерге бойжеткеннің ашық образы мүлде ұнамай қалыпты.

"Түк жараспайды, өзін ұятқа қалдырып тұр ғой" , "Іш киіммен шығатын уақыты келген сияқты бұл қыздың" , "Жасың да біразға келді, ұят қайда?" , "Стриптиз билеп тұрғандай, ағалары жоқ па?" , "Ата-анасы қайда қарап жүр өзі?" , "Етегін жаптыртатын азамат табылса екен" , "қысқа киімдерді ұялмай киіп жүре береді" , "Не тәрбие мен өнеге бермексің басқаларға" , "Жезөкше секілді" , - деп жазуда оқырмандар.