Қытайда Димаш сыртқа шыға алмай қалды

17 қазан 2021, 11:42

Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттары туралы қызықты видео таралып жатыр.

Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттары туралы қызықты видео таралып жатыр.

Қытайдың Уси қаласындағы қонақүйден шыққан музыкантты бір топ тыңдарманы күтіп алған – видеодан өнер сүйер қауым Димашты қаумалап, "Сәлем" деп айқайлап, телефондарына түсіргенін көруге болады.  

Бір кезде айналма есік адам нөпіріне төтеп бере алмай, сәл уақыт ашылмай қалады, бұл фанаттардың күлкісін келтірді. Димаш алдымен жанында тұрған бозбалаға жол беріп, кейін өзі шығады.    

"Рахмет", - деді Димаш көлікке отырмас бұрын.

Димаш Қытайдың Уси қаласына телешоудың түсіріліміне қатысу үшін барды. Жобада белгілі әншілер, актерлер, рэп орындаушылар, бишілерден топ құрып, бұл команданы финалға шығару қажет. Димаш бұған дейін жоба вокалдық конкурс емес екенін айтқан болатын.

sn.kz