Өркениет

"Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой": Мақпал Жүнісова өзін айыптағандарға жауап берді (видео)

  • "Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой": Мақпал Жүнісова өзін айыптағандарға жауап берді (видео)

Мақпал Жүнісова өзін айыптағандарға жауап берді. Әсіресе, әншінің жас қазақ қыздары мен жігіттеріне өкпесі қара қазандай. Ел алдында ақталған халық әртісі әркімнің таңдауына құрметпен қарау керек дегенді айтты.

Мақпал Жүнісова көпшілікке видео үндеу жолдады. 

 
"Мені қаралаған, маған қара күйеу жапқысы келетіндерге айтарым. Мен 15 жылдан бері Зәкеңнің шаңырағының түтінін түтетіп отырмын. Ешкімге алақан жайған жоқпын. Өз күнімді өзім көрдім. Қызымды өсірдім. Отанды сатып кеткен ештеңем жоқ. Әсіресе, жап жас қазақ қыздары мен жас қазақ жігіттері үшін адамды мазақ қылу деген түкке тұрмайтын дүние болыпты. Біреуді қаралаған, күйе жапқан, жала жапқан адамдарды Аллаға тапсырдым. Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Өзімнің арым таза екенін білем. Қызым да биыл алғаш рет сайлауға барып, өз таңдауын жасады. Әркімнің өз таңдауы болады", - деді халық әртісі парақшасында. 

Желідегі кей арналар халық әртісі марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті сатып кетті, ол қарсы болған жүйеге жақын болды деп айыптап жатты. 

Жүнісова өзін айыптаған ағайынға Мұқағалидің өлеңімен жауап берді.

Әншіні желідегі оқырманы мен әріптестері қолдады.

"Маке, жаным. Алланы көзі түзу. Алтын журекті әпкем менің. Жақсы адамның артынан сөз ереді демекші, ешқандай жаман сөзге мән беменіз. Біз сізді қатты жақсы көреміз", деп жазды әнші Шахизада.

"Өресі төмен, ақылы аз, сезімі саяздарға жүйкеңді тоздырма! Олар жамандық істегеннен күш алатын вампирлер ғой, қалай түсінбейсің. Бор кеміктенбей, темір бол! Не естімей келе жатқан құлақ, не көрмей келе жатқан көз! Керуенің алда. Мерейің үстем, халқың жаныңда, анаң алдыңда, бауырың бүтін болсын! Қаңқу сөздерден сен қайта жігерлене, қайраттана түс! Алланың қолдауында жүр!".

"Я жұрт не демейді? Оңбағандық қой. Заманбектің түтінін түтетіп отыр ғой. Бір жаман аты шыққан жоқ.Талай өлең айтып тұрып, жылағанын көрдік сахнада. Мұңайма, Мақпал. Сен тамаша әншісің. Біз сені жақсы көреміз. Денсаулығың зор болсын".

"Мақпалжан, туған күнің құтты болсын!!! Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Мерейжанның қызығын көр. Көңіліңді түсірме сөйлеген ел сен сияқты болып алсын. Еңсеңді түсірме, қазақтың ерке қызы", - деп жазды оқырмандары.




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31