Өркениет

Қызды арзандатып алдым…

  • Қызды арзандатып алдым…

    Қызды арзандатып алдым…

Бұрын өтпей қалған, жартылай сынған, бұзылған заттарды арзандатылған дүкенде сататын. Оны халық «уценка» деп атайтын. Мен үйленгенде қалыңмалға 1000 сом беріпті. 1988 жылы ғой. Сөйтсек, Шәуілдір жақта оқыған қыз пұлды екен.

Қайын жұрт тулап, үш мың сом сұраған ғой. Кешірімге барған ағайындарым сөзге мықты еді. Шалды сөзбен жеңіп, «өлі-тірісіне» бір қой мен мың сомды тастап кеткен ғой. Содан осы күнге дейін қайын жұрт жақтан бірдеңе сұрай қалса: «Қалыңмалдың қалған бөлігін біртіндеп алып жатыр ма?» деп әзілдеймін. Әйелім күледі де қояды. «Ештеңе беруші болма! Сені уценкадан алғам» деймін күйдіріп. Кейбір кездері «су әкелші, жастық әкелші, пультті тапшы» деп жұмыс пен үй шаруасынан жүйкелеп, шаршап отырған әйелімді жұмсаймын. «Балаларыңның алды жиырмадан асты. Соларды жұмсасайшы» деп шығады. Бірақ балаларды жұмсағаны құрысын. Жаныңды жай таптырмайды. Соңынан еріп бармасаң, ештеңені таппай қайтып келеді ғой. «Мың сомға әкеңнен сатып алған едім ғой. Құныңды әлі өтеген жоқсың. Өзің барып келе қойшы» десем, тымпыңдап кете барады. Туыстарым жақында Қарағандыдан келін алды. Құдалар оқыған, зиялы кісілер. Бірақ алдын ала «қалыңмал да, киіт те, жөн-жоралғының бәрін жасаймыз» депті. 3-4 жыл бұрын бір досымның қызы Атырауға жігітіне ілесіп қашып кетті. Соңынан кешірімге келгендер қалыңмалға 50 мың доллар беріпті. Жақындар шалқасынан түсіп, талып қала жаздады. Сөйтсек, құдамыз білдей бір ауданның әкімі екен. Бір ағайыным Ақтөбеден келін алды. Оларда тіпті оңтүстікте жоқ жоралғылар шашетектен екен. Қостанайдан келін алған бір ағайындарымыз тойдан соң: «Е, олар алғанда – қазақ, бергенде – орыс» деп еді. Сөйтсек, о баста бұлар да жоралғының бәрін жасаймыз деп келісіпті. Бірақ әлдеқашан ұмытылған жоралғылармен құдаларының қалтасын тазалап, өздері құдалыққа жайдақ келген екен.

Көп ретте құдалар арасындағы «анау аз берді, мен көп бердім» деген реніш жас жұбайлардың арасына сызат түсіреді. Сосын «жастар жиі ажырасады» деп түк білмегендей отыра береміз. Мәселе қалыңмал алысып-берісуде емес. Салт-дәстүрдің сақталғаны да дұрыс. Үлкендердің «қызықшылық» дейтіні сол шығар. Бірақ біреудің бергенінен екінші адам ешқашан байып кетпейді. Жастардың өмірі бұзылады. Шаңырақтан береке кетеді.

Ал тіпті болмай бара жатса, жігіттер, мен сияқты "уценкадан" алыңдар. Кейін жеке үй болғандарыңда қалыңмалды толықтырып бере бересіңдер!

Тоқтар Жақаш, Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.09.2014, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31