Өркениет

Қызғандым: Азамат Сатыбалды Димаштың концертінде шетелдіктердің көп болғанын айтып күйінді

  • Қызғандым: Азамат Сатыбалды Димаштың концертінде шетелдіктердің көп болғанын айтып күйінді

    Қызғандым: Азамат Сатыбалды Димаштың концертінде шетелдіктердің көп болғанын айтып күйінді

Димаштың Мәскеуде өткен ән кешіне қатысқан Азамат Сатыбалды өзегін өртеген өкінішін жеткізді. Сөзіне қарағанда, Құдайбергеновтің концертін тамашалауға қазақтардан қарағанда шетелдік фанаттар көптеп келген. Бұл ретте ол батырды бар кезінде бағалауға шақырды, деп жазады Stan.kz.


"Ай ортақ, күн ортақ, жер ортақ, жерден шыққан ер ортақ деген дана xалқым. Димаштың Мәскеу қаласындағы, Кремль концерт залындағы екі күнгі аншлагпен өткен концертін тамашаладым.


Концерт барысында сан түрлі әсер алдым. Ең бастысы мақтандым, ортасында қуаныштан көзіме жас та келді жасыратыны жоқ. Жамбыл жәкем намаз оқыған Кремльде, сан жылдан кейін Димашымыздың концерт беруі мақтаныш екені сөзсіз.


Көрерменнің көбісі қытайлықтар және шетелдіктер болды. Солар Димаши деп айқаға басқанда шыны керек қызғандым. Атып тұрып ол біздің Димашымыз деп айтқым келді. Сонда байқадым Димаш елдің емес, әлемнің Димашы болыпты. Оларда бізден қызғанып отырған болар....


Бір әттеген-айы шетелдік жанкүйерлер қазақтардан көп болды. Батырларымызды барынша бағалау керек екенін естен шығармайық.


Қазақта Құдайға шүкір таланттар жетерлік, бірақ Димаш Құдайбергенов жалғыз. Өйткені Димаш ол - құбылыс. Оны солай қабылдау керек.


Ең бастысы тіл-көзден сақтасын. Менің байқағаным бұл тек басы ғана. Құдай қаласа Димашымыз талай биікті бағындырары сөзсіз. Қазақтың атын әлемге танытар ұл-қыздарымыз көп болсын. Алла жар болсын!" - дейді Азамат.


Айта кетейік, Димаш Құдайберген наурыздың 22-23 күндері Мәскеудегі Кремль сарайында концерт берді. 6 мың адамға арналған зал екі күнде де адамға лық толы болды. Димаштың ән кеші аншлагпен өтті.


Stan.kz.


 




Көрілген: 1437    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31