Қызылордада Роза Бағлановаға ескерткіш орнатты

21 сәуір 2022, 08:51

Қызылордада Қазақстан және КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіші ашылды.

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатыр. Қызылорда қаласының орталық алаңында Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы – мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Биіктігі – 5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіш қоладан құйылған.

Бұған дейін Алматы қаласында Роза Бағлановаға ескерткіш қойылғанын хабарлаған болатынбыз.

aikyn.kz