Lady Gaga-ның продюсері Димаш Құдайберген үшін Еуропаға ұшып келген

05 мамыр 2022, 11:21

Танымал америкалық продюсер, заманауи мобильді ойын-сауық индустриясының негізін қалаушы Ральф Саймон Димаш Құдайбергеннің концерттеріне қатысу үшін АҚШ-тан арнайы Еуропаға ұшып келді. Құдайберген Саймонмен таныстығы жайлы айтып, онымен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Лос-Анджелестен Еуропаға менің концерттеріме қатысу үшін заманауи мобильді ойын-сауық индустриясының негізін қалаушы, танымал америкалық әнші Lady Gaga-ның продюсері Ральф Саймон келді. 

Ұзақ уақыт бойы байланыста болып, алғаш рет бірге суретке түстік. Үлкен идеялар мен ортақ жоспарларымызды талқыладық", - деп қуанышымен бөлісті Димаш.
Ральф Саймон Backstreet Boys, NSYNC, Бритни Спирс, Джастин Тимберлейк, Джанет Джексон сынды танымал өнер жұлдыздарымен бірге жұмыс істеген.