Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 7 құпиясын айтты

  • Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 7 құпиясын айтты

    Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 7 құпиясын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 6 қағидасын айтты. Тележүргізуші бақытты болуды адам үйрене алмайды, оны тек сезінеді дейді. Бақытты болуыңы үшін жауапкершілікті сезіну керек деп жазды.

“Әдемі (жеңіл, дұрыс, бақытты) өмір сүрудің 6 қағидасы. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Соңғы жылдары “Қалай бақытты болу” деген бос әңгімеге 8 миллиондай репост жасалыпты. Неғұрлым бай, бақытты, тепе-теңдікте болуды ойлай берсеңіз соғұрлым тез қажып, шаршап кетесіз. Бақытты болуды үйрену мүмкін емес, оны тек сезіну керек”, – дейді Сұлтанқызы.

 
Екінші ойға алар жайт – адам қиындықтан қашпай, бәріне сабырмен қарау керек. Бұл екінші қағида.

“Өмірдегі қиындықтардан қашпаңыз. Бізге қиындық, ауыртпашылық әкелетін нәрселердің артында үлкен “сыйлық” бар. Спортзалдан кейін денеңіздің ауруы - әдемі фигура болса, жұмыста қиналғаныңыз кәсібилігіңізді арттырады”, – деді ол.

Тележүргізуші өзгелерден даралануға ұмтылудың түкке керегі жоқ деген пікірде. Бұл өзіңізді жай ғана алдаумен бірдей. 

“Басқалардан өзгеше болуға тырыспаңыз. Жаратушы бізді онсыз да жеке дара, ерекше етіп жаратқан. Ерекшеленуге әдейі тырысу кейде күлкілі”, – деді Ләйлә ханым. 

Адамның өз пікірі, ұстанымы болу керек дейді. Әрдайым біреудің ойымен санасып жүру мүмкін емес.

“Өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтаңыз. Ол міндетті түрде жақсы мінез-құлық емес, кез келген жағдайда өз пікіріңіз бен көзқарасыңыздың болуы; Әрдайым біреудің ойымен, сөзімен жүрмеңіз жеке тұлға ретінде боласыз”, – деді.

Ұят боладыға салынып, оған көне берудің керегі жоқ. Өзіңізде ұнаған немесе ұнамаған нәрседен бас тартуға құқылысыз дейді тележүргізуші. 

“Жоқ” деп айтуды үйреніңіз. Біздің қоғамда қалыптасқан ұят боладының жетегінде кете бермей, ұнамайтын нәрседен бас тартып, жеке шекараңызды бұзбаңыз”, – деді Сұлтанқызы.

Жетінші қағида жауапкершілікті сезіну. Бұл әр адамда болу керек қасиет. Өзгеден емес, мінді алдымен өз басыңнан іздеу керек.

“Өзіңізге жауапкершілік алыңыз. Барлық сәтсіздікке біреуді кінәлауды қойыңыз, “әкім кінәлі, мұғалім кінәлі, күйеуім, енем кінәлі”… дұрыс емес. Болған жағдайға өз жауапкершілігіңізді сезініңіз, өзіңізге, өз күшіңізге ғана сеніңіз, сонда ғана өміріңіз түрлене түседі”, – дейді тележүргізуші. 

Желі қолданушылары өз пікірін ортаға салды. 

“Міне Ләйла ханым сізге дәл осылай сөйлеген жарасады. Керемет”, “Жоқ” деген сөзді айтуға болмайды”, “Әдемі өмір сүрудің қағидасын осылар біледі”, “Өзіңнен көр, жамандық көрсең де, жақсылық көрсең де”, “Адам бақытты үйренбейді, бақытты сезінеді, жақсы айтылған екен”, - деді олар.

stan.kz




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 10:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31