Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы ақ орамалын не себепті тастамайтынын айтты

  • Instagram/sultankyzy

    Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде орамалмен тұрған видеосын жариялап, қалың көпшілікпен оған қатысты қызықты мәліметпен бөлісті. Белгілі болғандай, ақпарат өкілі үшін ол ақ орамалдың орны ерекше екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша , басындағы ақ орамалды ол 2005 жылы келін болып түскен уақыттан бері тастамай тағып келе жатыр. Ол қайынапасы таққан орамалды отбасылық өміріндегі құнды зат ретінде қабылдайды.

 

Белгілі тележүргізуші болашақта тіпті оны өз келініне табыстауға ниетті. Ақпарат өкілі ақ орамалына қатысты тың мәліметті Instagram желісінде айтып берді.

 

"Жұма,бояусыз,орамалмен. Жыртық орамалыма күлмеңіз, ол орамал менімен отбасылық өмірімде бірге келе жатқан құнды зат. 2005 жылдың желтоқсанында келін болып түскенде осы орамалды қайынапам басыма таққан еді. Жұқарып кеткені сонша, тіге тігеді уже жыртығын жамай алмаймын. Түк етпейді. Мың LV, Dior-дан қымбат орамал ғой мен үшін. Сол күйінде қалдырдым, әр жұма ұлдар құран оқығанда тағып аламын. Осыны келінге сыйлаймын десем, Сағадатым күледі. Дүғаңыз қабыл болсын оқырман" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Желі қолданушылары тележүргізушінің қайын жұртына деген асқан сыйластығына тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырды.

 

"Жарайсың, бұл қыздарға керемет үлгі болды" , "Қайын жұртына адал келіншектерден айналып кетесің" , "Әдемі келіншек. Ниетіңізге жетіңіз" , "2005 жылғы орамал деп айтпайсың. Жарайсыз, қайынапңызға деген сыйластығыңыздың белгісі ғой" , - деп жазуда көпшілік.

 

 




Көрілген: 3620    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28