Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы әнші Роман Кимнің отбасынан кешірім сұрады

  • Ләйлә Сұлтанқызы әнші Роман Кимнің отбасынан кешірім сұрады

    Ләйлә Сұлтанқызы әнші Роман Кимнің отбасынан кешірім сұрады

Ләйлә Сұлтанқызы SuperStar.kz жобасына қатысқан Роман Кимнен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазір белгілі әнші болған Роман Ким атышулы жобада бақ сынаған кезде Ләйлә Сұлтанқызы сол бір телевизиялық байқаудың әділқазы мүшелерінің бірі болған. Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды. Тележүргізуші көпшілік алдында Роман Кимнен кешірім сұрады. 

"Мен ол кезде жас болдым. Тұрмыс құрған жоқпын. Тыңдайтын әндерім басқа, талғамым басқа болды. Қазіргі көзқарасыммен мүлде сәйкес келмейді. Есейіп, балалы-шағалы болған соң, өзерген шығармын. Мен сол кез үшін, Роман Кимнен, оның жақындарынан, отбасынан кешірім сұрағым келеді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Роман Ким жобадан кеткен соң сахнадан да көрінбей кетті. Бүгінде отбасылы, екі баланың әкесі. БАҚ-қа берген сұхбатында өзге адамдардың ықпалымен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Оның телеарналарға шығуына, өзін көрсетуге тыйым салған. Тіпті қорқытып, ұрып кеткен кездері болғанын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, Роман Ким: "Жобадан соң келісімшартқа қол қою керек болдық. Мен одан бас тарттым. Менің мінезім сондай. Менің рұқсатымсыз, келісімімсіз сыртымнан (іс) жасағанды жек көрем. Сол үшін шығыспадым. Менің сыртымнан талай нәрселер жасалды. Мен туралы БАҚ-та айтылып жатты. Осыдан соң қысым басталды", - деп Тимур Балымбетовке сұхбат берген еді. 

 

 




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 21:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31