Ләйлә Сұлтанқызы ауладағы жұмысшы әйелді адам танымастай өзгертіп жіберді (видео)

07 маусым 2022, 23:17

Ләйлә Сұлтанқызы қара жұмыс істейтін келіншекті адам танымастай өзгертіп жіберді. Тележүргізуші оның сырт келбетін өзгертіп, жаңа образ сыйлады. 

Жаңагүл есімді келіншек Қазмедиа ғимаратында көгалшапқыш болып жұмыс істейді. Үш баланың анасы. Жолдасы екеуі күн сайын жұмысқа келу үшін 100 шақырым жол жүреді.

“Жаңагүлмен жаңа күн. Әр шығарылым сайын кез келген әйелге менімен бірге бір күн өткізіп, кәсіби мамандармен жұмыс істеп, өзін басқа қырынан көруге мүмкіндік береміз. Ал бұл шығарылымның басты кейіпкері - Қазмедианың маңайында көгалшапқыш боп жұмыс істейтін Жаңагүл есімді келіншек. Жасы 26-да, 3 баланың анасы. Жолдасы екеуі күнделікті қалаға жұмыс үшін 100 км жол жүріп келеді екен. Соның барлығын саралап, жақындақыздар арасында дәл осындай өзгерістер сыйлағым келеді”, – деп жазды тележүргізуші. 

Ол осылайша қарапайым жұмысшы әйелге жаңа образ сыйлады. Желі қолданушылары пікір жазып, алғысын айтты.