Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда орын алған жантүршігерлік өлім оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі жас қызды аямаған күдіктіні заң да аямау керек екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ләйлә Сұлтанқызы күллі Қазақстанды дүрсілкіндірген өлім оқиғасы жайлы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Тележүргізуші қоғамда мұндай сұмдық жағдайдың орын алуына барша халық кінәлі екенін айтты.

 

Сонымен қатар, ол жас қызды асқан жауыздықпен өлтірген күдіктіге қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі оны барынша қатаң жазалау керек деп есептейді.

 

"19 жасар қыз өлем деп ойлады ма?! Аяжанды аямады азғын. Дене мүшелерін бөлшектепті дегенді оқып жаның түршігеді. Ешкімді кінәлағың келмейді. Бірақ біздің қоғамда осындай жағдай орын алғанына бәріміз кінәліміз. Айналымызға ізгілік таратудың орына қастандық жасау, ғайбаттау, ұрып-соғу, зорлау, өлтіру деген көп. Балаң үшін уайымдайсың, жасы 18-ге толса да, айнала толған зұлымдық. Қалай қорғанамыз? Не істейміз? Не дейміз? Бір нәрсені анық айта алам: Ол қызды аямаса, заң да қылмыскерді аямасын. Ең қатаң жаза берілсін. Басқа айтарға сөз жоқ. Ата-анасына Алла сабыр берсін. Қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды Сұлтанқызы.

 

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды.

 

Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

 

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

 

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты. Қазір ол ауруханада жатыр.

 

 




Көрілген: 4702    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 20:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31