Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы Айгүл Мүкейді перзентханадан шығарып алды (видео)

  • Ләйлә Сұлтанқызы Айгүл Мүкейді перзентханадан шығарып алды (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы Айгүл Мүкейді перзентханадан шығарып алды (видео)

Үшінші рет ана атанған тележүргізуші Айгүл Мүкейді әріптестері перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Шығару кешіне туыстары, жақындары мен отбасы, достары келді. Олар кішігірім мереке жасап, ана мен баланы күтіп алды.

Айгүл Мүкей үшінші рет ана атанды. Өмірге екінші ұлын әкелді. Тележүргізуші жаңа туған ұлына Сұлтан-Әли деген есім қойды.  

 
Тележүргізушіні перзентханадан шығарып алуға әріптесі Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан, Диана Қырықбай келді. 

Әуе шарлары, шашу, домбырамен әсем ән мерекенің сәнін келтірді. 

"Бізді ұлым екеумізді перзентханадан шығарып алды. Барлық жақсы тілектерді оқып қатты толқыдым. Бәріне алғысым шексіз", - деп жазды ол парақшасында.

Кейіннен ұлкен ұлы Асанәлі мен қызы Хабибаның інісін қалай қарсы алған видеосы көрсетті. 

"Жұғысты болсын деген сурет. Айгүл Мүкей мен Сұлтан-Али батырды перзентханадан алып шықтық. Бауы берік болсын", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

"Балаңыздың бауы берік болсын, үлкен азамат болсын", "Басқаларға жұғысты болсын, қызығын көріңіз", "Тәп-тәтті балапандар", "Сіз керемет әйелсіз", "Өзіңізге, балаларыңызға зор денсаулық тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, тележүргізуші 6 сәуір күні үшінші рет ана атанып, ұлды болды. Журналисті әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.




Көрілген: 1172    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 15:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31