Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бикештерге қасылмай, сексуальный болуға шақырды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әйедерге қатысты түрлі пікір қалдыратын Сұлтанқызы бұл жолы комплекстен арылуға шақырып, оны инстаграм желісіне жазды.
"Осы деймін-ау, кейбір әйелдер неге әйел болуға, қылықтыболуға, әдемі болуға, тартымды әрі сексуальный болуға, майысуға қысылады? Көзі,күлкісі оның мықты қаруы емес пе? Әйелдің миссиясы да әйел болу емес пе?! "Ойбай, анау бүйтіпті, мынау сүйтіпті, сосын басты үйітіпті" деп қол шошайта шошимыз.
Мысалы, Айша бибі туралы посттың пікірлерін оқып, басым көпшілігінің назары трусыға түскенін аңғардым.